Сен тұр - мен айтайын!

Нағыз харами-поза

  • Нағыз харами-поза

    Нағыз харами-поза

АРУ КЕРЕК ...


Тальгоның коридорларында омыраулары үлкен қыздармен кездесіп қалғанда, Қылмыстық Кодексының иісі сезіледі. Өткенде сотталған жолсеріктердің мысалы есімнен кетпейді. Қанша ішімді тартып өтіп кетейін десем, бәрібір тиіп кете береді ...


Өткенде Тальгода келе жатсам, тар коридорда 3 келіншек алдымнан шықты. Артқа шегінейін десем, менен де толық жігіттер тұр. Амал жоқ. Алдыға бастық.


Бірінші келіншек 2 размер екен. Ішімді тартып едім, ұшымен ғана қытықтап өтті. Өтіп бара жатып, көзіме қарады. Мен де қарадым. Бір-бірімізге ұнамадық-ау. Ішім әлі тартылып тұр. Демалмай қақиып өттім.


Екіншісі 3 размер екен. Жарықтық қарын-марын дегенге қарамай терезеге бір-ақ жабыстырды. Мен де қарынды босаттым. Ол да "ох ..." деп ыңырсыды. Артымдағы екі толық жігіт 2 размердегі келіншекпен қиналып сүйкеліп жатыр.


Енді "өттім-ау" дегенде, Үшінші келіншек жақындады. 4-5 размер. Қылмыстық Кодекстың иісі вагонға "бұрқ" етті. "Тенгриньюста" өз фотом елестеп кетті. Не істеу керек? Ол келіншек те терезеге жабысты, мен де есіктерге жабыстым. Тимеуге тырыстық. Сол сәтте поезд теңселеді ғой ... Теңселгенде қарын-омырауыңмен қоса екеумізді бутерброд қылды.


Көзімнің қырымен қарасам, артымдағы екеуі де екі бутерброд болып жатыр. Тізем келіншектің екі аяғының арасында, оның тізесі менің қарнымды тіреп тұр. Нағыз харами-поза. Тер жауып кеткен. Жолсеріктер жоқ. Жыланша жорғалап, мысықтай мияулап әйтеуір өтіп кеттім. "Құрысын, ару керек!" деген оймен ұйқыға кеттім ...


Samat Nordman Nurtaza

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 8567    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.09.2019, 23:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31