Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Нағыз мәдениетсіз сендерсіңдер!

02 қаңтар 2023, 16:14

Мәдениет, ішкі мәдениеттің биіктігі ол бөлек нәрсе. Қазіргі жастардың көбі мәдениетті.
Жалпы сыртқы һәм ішкі мәдениет туралы айтып отыратындардың өзі тереңірек ойланса екен. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатын, адам таңдамай боғауыздың “ата-бабасын” айта беретін, ұялмай, өресі жеткенге де, жетпегенге де өп-өтірік мораль соға беретін, өзбілермендікке салып “менікі дұрыс, сен топассың” дейтіндер, міне, нағыз мәдениетсіз сендерсіңдер! Іліп алар бір үлгілі ісі, үлгі тұтар бір жөнді қылығы жоқ. Ақыл үйретудің ұстасы, бірақ.
Қызымен қатар қыздарға қырындап, алдап-арбағандар, сөйтір талайдың тағдырын бұзғандар, баласымен далаға тастап кеткендер, арақ ішіп, қалай болса солай ләйліп, бүкіл мәдениетсіздіктің бәрін өзі жасап жүріп біреуге (әсіресе жастардың жағасынан алу) ақыл айту - арсыздық.
Бір қуанатыным, кейінгі буын (оның ішінде сіздің де ұл-қызыңыз бар) ұятсыздыққа, мәдениетсіздікке бармайды. Олар тіпті боқтанып сөйлемейді. Мыжыңдап бөстекі сөз айтпайды. Еркін ойлы, өмір сүруі, жүріс-тұрысы қарапайым ғана, білімге, өнерге ұмтылған солардың барына шүкір!

Фейсбуктегі парақшасынан