Нағыз мемлекетшіл, ел басқаратын мықты кадрлар солардың ішінен шығады...

22 қаңтар 2022, 23:10

Президенттің бизнес өкілдерімен кездесуіндегі “Ауылдан шыққан мың баланың шетелдік сапалы білім ордаларында оқуына, әсіресе техникалық мамандықтарды игеруіне мүмкіндік жасау керек”-деген сөзін жаңадан құрылған үкімет сапалы жүзеге асыруы тиіс. Ғылым және білім министрі А.Аймағамбетов мырзаға үлкен үміт артамыз. Бұл - өте маңызы жоғары мәселе. Нағыз мемлекетшіл, ел басқаратын мықты кадрлар солардың ішінен шығады.
Жаңадан құрылған үкімет , аграрлық саладағы каррупциямен нәтижелі айналысуы тиіс. Шағын және орта “агро -шаруашылықтарды”- мемлекет қаржысын үлестіруші болып мол пайдаға кенелген “агро- корпорациялар” мен мемлекеттік қамқорлықтың 99 пайызын көріп отырған латтифундист, алигархтардың тырнағынан құтқаруы керек. 
Ауыл жастарының қалаға жөнкілген урбанизациясын тежеу үшін ауылдардың мәдени-әлеуметтік жағдайын жақсарту маңызды. Ауыл балалары мен жастарына спорт залдары салынып , мәдени үйірмелер ашылсын. Қала балалары игілігін көріп отырған спорттық секцияларға ,мәдени үйірмелерге ауыл баласының да барғысы келеді. Жастардың ауылда тұрақтамауының осы секілді бірнеше маңызды себептері бар!
Ауыл балаларын әлемдік беделді білім шаңырағында оқыту арқылы мемлекет болашағына баға жетпес инвестиция құямыз! ОЙЛАНАЙЫҚ!

Аманжол Әлтай

Фейсбуктегі парақшасынан