Сен тұр - мен айтайын!

"Нан соғарлықты", нан өнімдерін көптеп тұтынуды доғару қажет

  • "Нан соғарлықты", нан өнімдерін көптеп тұтынуды доғару қажет

Індеттің беті әлі қайта қоймады, ал онымен күресте адамның иммунитеті маңызды рөл атқаратыны анық. Бәрімізге иммунитетімізді күшейту қажет. "Ас - адамның арқауы" деп тегін айтылмаса керек. Расымен, адам денсаулығының басты кепілі - уақытылы әрі дұрыс тамақтану.
Кішісінен бастап үлкені болсын дұрыс тамақтанулары тиіс. Қандай тағамдарға басымдылық беру керек десе, әрине - бұл сүт өнімдері. Сүт, айран, қымыз, шұбат, сүзбе, йогурт. Сондай-ақ, сұйық тағамдарды көп ішу керек. Ет және тауық сорпасы. Одан бөлек көкөністер, жеміс-жидектер тағам рационында міндетті болуы шарт. Майлы тамаққа әуес болмау қажет, оны аздатқан дұрыс. Және "нан соғарлықты", нан өнімдерін көптеп тұтынуды доғару қажет.
Қымыз бен айранның пайдасы зор. Қымыздың құрамында С дәруменінің үлесі жоғары. Осы күні жылқының қазақ үшін қадірі артты. Себебі адамның ағзасына жылқы еті өте жақсы әсер етеді.
Әрине, дәл қазіргі күні қымыз бен жылқы етіне жетер еш тағам жоқ. Бірақ оған жұрттың бәрінің қолы жете бермеуі мүмкін. Қазақ жалпы «қойдың еті қорғасын» деп текке айтпайды. Кешкі асқа қойдың етін жесеңіз, ол ертеңгі күн батқанша сіңеді. Ұзақ. «Сиырдың еті таң сарайы батқанша, жылқының төсек салып жатқанша» дейді қазақ. Яғни жылқы еті бойға тез сіңеді. Сондықтан жылқы етінің қасиеті ерекше екенін көрсетеді. Ол ғылыми жолмен дәлелденген.




Көрілген: 2259    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.12.2020, 19:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31