Сен тұр - мен айтайын!

Науқастарды емдеуге Астананың 5 жұлдызды мейманханаларын тез арада жасақтау керек

  • Науқастарды емдеуге Астананың 5 жұлдызды мейманханаларын тез арада жасақтау керек

    Науқастарды емдеуге Астананың 5 жұлдызды мейманханаларын тез арада жасақтау керек

Үкіметке журналист Ораз Әлімбеков өте бір дұрыс ұсыныс жасапты. Мен де әріптесімді қолдай отырып, ұсыныс айтқым келеді. Астана қаласында да клиникалық емханалар жеткіліксіз. Тәуелсіздіктің отыз жылында ең көп салынған дүние сауда ойын-сауық орындары мен бес жұлдызды мейманхана қонақ үйлер ғой. "Ораза-намаз тоқтықта" дегендей қазір ел басына күн туды. Індеттің сұры жаман. Жаңадан больница салуға қаржы-қаражат та, еңбек күші де жетпейді. Біз миллиард қытай емеспіз. 10 тәуліктің ішінде үлкен больница сала қоятындай күш-қуат қайда? Олай болса, коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге немесе күдікті азаматтарды оқшаулайтын орындарды сайлап, Астананың мына 5 жұлдызды мейманханалардан тез арада жасақтау керек:
1. The Ritz-Carlton, Astana;
2. Hilton Astana;
3. Rixos President Hotel Astana;

4. The St. Regis Astana;
5.Beijing Palace Soluxe Hotel Astana;
6. Sheraton Nur-Sultan Hotel.
Кейін бұл мейманханалардың қожайындарының адамгершілік имандылықтары оянып, өте мейірімді болып, халыққа деген махаббаттары артып кетсе бәлкім, аталмыш мүліктерін еліміздің денсаулық сақтау саласына арнап Үкіметке тарту етіп сыйлай салатын да шығар. Несі бар, бұл дүниеде мүлік деген не, адамнан қымбат ештеңе жоқ қой.

Қуандық Шамахайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 11:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31