Сен тұр - мен айтайын!

Наурыз мерекесін тойлау форматын заманға лайықтау керек еді...

  • Наурыз мерекесін тойлау форматын заманға лайықтау керек еді...

    Наурыз мерекесін тойлау форматын заманға лайықтау керек еді...

Наурыз мерекесін тойлау форматын заманға лайықтау керек еді...
Наурыздың түпкі мағынасы, мәні - тек ТОЙ емес, ТОЙЛАУ емес, тойдан да тереңірек, ойлырақ, салмақтырақ дүние.
Наурыз - жақсылық айы. Адамдар бір-біріне тек жақсылық тілейді, жақсылық жасайды. Ендеше Наурызды тойлаудың індет, таршылық, жоқшылық, қымбатшылық замандағы жаңа форматы - ең алдымен жақсылық жасауға, ізгілікке негізделуі шарт.
600 млн теңгеге бір реттік хәләуләйлім өткізген дұрыс па, әлде.... батпақ көшелерге асфальт төсеген немесе Сая Қасымбек апайдың ауылына газ трубасын жүргізген.... немесе балабақша салған әлде ондаған баспанасызға үй берген дұрыс па??? Немесе "Жеке кәсіп ашамын, 10 адамға жұмыс орнын ашамын" деген 5-10 адамның ой-арманын жүзеге асыруға қолдау көрсеткен дұрыс па??? Мысалы, менің басымда 10 жылдан бері пісіп жүрген 3 түрлі жақсы жоба, мықты идея бар... өкінішке қарай, жүзеге асыруға ақша жоқ... бұл өмірге тек армандап, иллюзия қуу үшін келген сияқтымыз.... енді қанша өміріміз, қанша күшіміз қалды, бір құдай біледі...
Мен әкім болсам, кез-келген жағдайда не пайдалырақ, не маңыздырақ, не өзекті - соған қаржы жұмсар едім.... Ән мен күйден, айтыс-тартыстан онсыз да кенде емеспіз... и вообще.... кез-келген әнді, кез-келген әншіні алақандай телефонымнан көріп, тыңдай алатын мына індет және технология заманында үлкен залдар мен стадиондарда концерттер өткізудің не қажеті бар? Шағын ғана студия жабдықтап, әншілерді (айтыскерлерді) жеке-жеке түсіріп, бір концерт жаса да, ТВ, ютуб арқылы тарат. Артық шығын, артық қаржы жұмсап керегі не? Ресурсты барынша жан-жақты үнемдеп жасауға болады ғой. Эффектісі, көрілімі, таралымы, тыңдалымы бәрібір сол деңгейде болады.
Әншілердің де, айтыскерлердің де қазақ халқына өкпесі жоқ шығар - 30 жыл бойы адақтап, мадақтап, төбемізге көтердік... кредит алып, той жасап, соларға бердік...
Елбасынан бастап бәріміз шырылдауық шегірткеге айналып, 30 жыл той тойладық. Сол да жетер... енді ойланайық... Халықтың әлеуметтік жағдайы өте мүшкіл халде...
Наурыз тағы да құтты болсын!




Көрілген: 873    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.03.2021, 14:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31