Не деген ашкөздік, тойымсыздық...

24 қыркүйек 2022, 10:05

Млн.даған гектар жер  мемлекет меншігіне қайтып жатыр ғой, қуанатын-ақ жағдай.

 

Өкініштісі, ел ішіндегі атқамінер атаулының бәрі көз ұшындағы жерді жекешелендіріп ала берген екен ғой) Ауыл маңы мен егіс алқабы былай тұрсын, таздың басындай селдіреп қана шөп өсетін жайылымның өзі жеке адамдардың иелігіне өте беріпті. Соның 99 % пайызы қазақтардікі.

 

Не деген ашкөздік, тойымсыздық, түбі осы жердің бәрін сатамыз деген мақсатпен қана ала берген сияқты...

 

...енді заң өзгеріп, талап күшейіп еді, игерілмей жатқан алқаптардың иелері өз еркімен өкіметке өткізуді бастапты. Оның қызығын "Аманат" көріп жатыр)

 

 

Қалмаханбет Мұқаметқали

Фейсбуктегі парақшасынан