Сен тұр - мен айтайын!

Неден бақытты боласың?

  • Неден бақытты боласың?

    Неден бақытты боласың?

Мен үшін естіліктің ережесі өте қарапайым: егер ішіңде от лап етсе, қуаныштан секіргің келсе, онда қуан. Мұндай сезім күнде бола бермейді. Кейде сен күйбең тірлікке батып қалғанда, тірі екеніңді сездіртетін бір жайттар орын алып жатады.
Саусағыңның ұшынан шытырлап жазыла жаздап тұрған әріптердің өрті ішіңде лаулап жатқандай күй болады. Осы сәт төгіліп түсер сөздердің әрбірін қолыңмен ұстап, алақаныңда айналдырып, сүйіп-сүйіп алғың келеді.
Бұл әлі махаббат емес, бірақ өзара ынтызарлық, ерекше ықыластың белгісі, кездейсоқтық емес - бұйырған бақ, жүрегіңді дір еткізген, болжаусыз бақ. Мұндайда жүрек шынайы, қағысы бөлек, күштірек. Жүректе кішкентай метроном қосылады. Санаулы сәттен соң санаңда бір ғажап жарқ ете қалмақ.
Энн Ламоттың, "махаббат келгенде сүй, бәрі дұрыс шықпаса қайтем деген үрейге желінбе" деген сөзі бар.

Өлең, сурет, картина, мәтін, ең әдемі әңгіме - бәрі де "ішіңде бір от жанғанда" туады. Үндемей қалу мүмкін болмағанда. Әлде керісінше, аузыңды жауып, жүректі тыңдағанда өміршең туындылар туады. Мұндайда шырақ емес, мың жұлдызы жарқыраған аспанға айналғандайсың. Камераңды шығарып, суретке түсіріп алмасаң, күнделікке түртпесең, қаламұшыңды қолға алмасаң, рингке шықпасаң, кездеспесең, жүгірмесең, шешім қабылдамасаң - дәл қазір және осы сәтте өзіңнен айырылып қалмақсың. Титтей бір өкініш туа қалса, одан өле-өлгенше құтылмайсың.
Махаббатты тапқанда жаның елжірейді. Сезім есік қаққанда, тебіренесің, толқисың.
Бір адамдар әр қадамын санап басып, үнемі үздіктер қатарынан табылып, тісін шықырлатып өсуді ғана ойлап тұрады, олар ұятқа қалдырмас, бірақ олармен ешқашан мақтана да қоймайсың. Ал кейбіреудің көңілі дауыл, тілі орамды, шындықты бетке айтқыш, бірақ қасында кетіп бара жатып құласаң, қол ұшын созуға арланбайтындар болады.
(Соңғылармен жұмыс істескен керемет, осындай жандардың идеясына өзімді арнауды жақсы көрем. Олармен жұмыс істеу тоят тапқандай күйге бөлейді, сен оларға бергеннен екі есе артық аласың).
Ал мағынасы жоқ нәрсені ешбір ақшамен толтыра алмайсың - сол үшін кейде дизайнер Дима Салливанға ұқсап: "Осы мен татымсыз дүниеге алданып жүрген жоқпын ба?" деп өзіңнен сұрай жүр.
Мағына бар жерде қуаныш бар, жүректің жарығы жарқырайды. Шын бақыттың оты жанғанда ол ұзақ жарқырайды. Жарты жолдан айнып кетпейсің.
Мағына бар жерде түптің түбінде жүректен шыққан, сонда қала беретін, жүректі байытатын - сенің ең ғажап Менің қаланбақ.
Осыдан артық қандай бақ бар?

Ольга Примаченко
Аударған Шынар Әбілда
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 939    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.05.2020, 10:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31