Мен жұмыс істейтін бизнес орталығында онға жуық тіл үйрету курстары бар. Барлығында дерлік тіл үйренушілер толық, таң атқаннан кеш батқанға дейін оқып жатады. Бірінші сыныптан бастап, студенттерге дейін. 80%-ның ойы бір: шетелге кету, сонда оқу және сол жақта қалу. Осыған қарағанда жастардың жаппай шетел асуы алда сияқты. Қазіргі кетіп жатқан лек түкке тұрмай қалатындай көрінеді. Бұл нені білдіреді? Неге бәрі тез-тез тіл үйреніп, айсбергке соғылатын кемені сезгендей Қазақстаннан кетіп жатыр? Соларға қарап тұрып, өзіңнің де ішіңде бір ой туындайды екен...
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан