Сен тұр - мен айтайын!

Неге біз бәрін әйелдің мойнына артып қойдық?

  • Неге біз бәрін әйелдің мойнына артып қойдық?

    Неге біз бәрін әйелдің мойнына артып қойдық?

Томиға үнемі няня іздейміз. Неше түрлі қыздар мен келіншектер келеді. “Баланы бағайын” деп емес, “қанша төлейсіз, кредитімді жауып, балаларымды баға алам ба” - деп келеді. Көбісі ажырасқандар. Бәрін күйеуі тастап кеткен, айтуларынша. Бір әйел келді. Бес баласы бар. Кенжесі алты айлық. Күйеуі тастап кеткен. Жаңағы 6 айлық баласын көтеріп келіп тұр. Сіздің қызыңызбен бірге бағайын дейді. Бес балам үйде аш, тамағын тауып беруім керек деп. Сол келген әйелдердің бәріне жаным ашиды. Бәрінің есіл-дерті балапандарын жеткізу. Сонда күйеу, әкенің жауапкершілігі қайда? Неге біз бәрін әйелдің мойнына артып қойдық? Неге әйел ғана баламды жеткізсем деп шырылдайды?
Сондықтан, күйеуге шыққан қыздар, бірден бала көтеруге асықпау керек. Баланы бірінің артынан бірін топырлатып туа беретін заман емес қазір. Жұмысқа шығып, өзіңе көңіл бөлуді ұмытпа. Және табыс тауып, өз керегіңді өзің ала алу керексің. Қанша жерден күйеуің ақша тапса да)

Гүлбану Әниятқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1520    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 18:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Желтоқсан, 15:34
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31