Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Неге қазақ балалары "ұлы дала дәрігері болам" деп армандамайды?

24 желтоқсан 2017, 13:06

Тойшыл адамдарды оқымаймын. Бұған той-жиындарда ән айтатындар да кіреді. Мейлі жүз мыңдаған оқырмандары "құтты болсын" деп шулатып жатса да. Анығы "құтты болсынның да" құты қашатын кезі бар. Үздіксіз мереке-думандардың әр түрлі сәттерін тұтына беру кері әсерін тигізеді. Сізді білмедім, мен бұдан біраз уақыт бұрын осылай түйін жасадым. Бәріміз жиі айтатын ысырап тек мал-дүниемен өлшенбейді. Ол сондай-ақ уақытымызды қайда жұмсап жатқанымызға да қатысты. Тіршілікте көрген жерде жүгіріп барып амандасып, шүйіркелесе кететін өнер адамдары аз емес. Алайда олардың парақшасына жазылмауым, шегінен шыққан контентін тұтынбауым оған титтей де әсер еткен емес.

Әлеуметтік желі - өтірік пен эмоция жаулаған әлем. Әсіресе жеке өмірін жарнамалағыш қолданушылар шын дүниеден таппағанын осы жақтан іздейді. Базарда алма мен алмұртыңызды сатушыға сенбей целлофан пакетіңізге таңдап салып алғаныңыз секілді тұтынатын ақпарыңызға да сақтықпен қараған жөн. Шикі жеміс жесеңіз жоқ дегенде ішіңіз ауырады. Сол секілді бей-берекетсіз контенттің де зияны орасан.

Әншілердің "зың-зың" әуеніне алданған бүлдіршіндер "ән айтамын, әнші боламын" деп армандайды. Неге қазақ балалары "ұлы дала дәрігері болам", "ісмер атанам", "химия әлемін зерттеймін" деп армандамайды? Насихат жоқ. Үлгі жоқ. Оны ұсынатын әншілер секілді мыңдаған оқырманы бар жанашырлар жоқ. Тағы не жоқ?

facebook.com парақшасынан