Неге менің бөксемді рұқсатсыз суретке түсіресің?
КОТ
 
Отағасы мысықты  жақсы  көреді.  Менімен фотоға түспесе  де, мысықпен  сейфилетуден жалыққан  емес. Қай  жерде  көрсе,  сол  жерден суретке түсіреді.  Ақ мысық , көк мысық,  ала мысық, бала мысық телефонының галереясынан  неше атасын табуға  болады.
 
Өткенде кафеге  кіріп  түстеніп  отырғанбыз.  Қарсы  столда  отырып,  тамақты опырып  жеп  отқан  орыс қыздың орындығының  астында бір  кот  шалқасынан  түсіп,  кәйіп  болып  ұйықтап жатыр екен.  Мысықта арман жоқ.
 
Орыс қыздың  бір қарыс  юпкасынан ,  топ-толық  аяқтары   мен мұндалайды.
 
Біздікі мысықты көрді  бітті,  аузының  суы  құрып тынды.   Жалма-жан  ұялысын  шығарып,  нысананы   бағыттап   суретке  түсірді. 
 
Камерасын  шошаңдатып  отқан мұны көрген  орыс  қыз  шарт  кетті. 
 
-Неге  менің  бөксемді  рұқсатсыз суретке  түсіресің?  Ұят емес  пе?
 
Общым  соңында әлгі қыз "Бөксемді суретке түсірді" деп сотқа  беруге  шақ  қалды,  біздікі  "Бөксеңді  қайтемін  мен котты  түсірмекші болдым" -деп  ақталды.  
 
Зорға құтылды бәледен.
 
Содан  кейін  "Кот"  атаулысына  жоламайтын  болды.
 
Сауап!
 
 
 
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан