Неге өз елімізде өз аты-жөнімізбен атала алмаймыз?!

17 мамыр 2022, 10:46

Қазақта үлкен қарғыс "атың өшкір" деген сөз. Ал қазір кім төлқұжатта өз аты-жөнімен жазылып аталып жүр?! Менің әкем аты- Дәулетхан, бабам аты- Жұмақай. Бабам атына жазылғанмын. Бұрынғы төлқұжатта қазақ тілінде және орыс тілінде жазылған нұсқасы болған. Неге екені белгісіз жаппай пластик жаңа төлқұжат берген жылы қазақша нұсқасын алып тастап орыс тіліндегісін жазыпты. Сонымен бар құжатта Жумакева Дулетхановна болып шыға келдім. Ауыстыру мерзімі жеткенде енді кезек келді-ау деп дұрыс атауын жазып өтініш берсем, "Жоқ бұлай өзгерте алмайсыз. Ол үшін қайта сұраныс түсіріп, мектептен бергі құжаттарды дұрыстау керек" дейді. Ауыстырсам, өз меншігімдегі жазған-сызған дүниеден, басқа да құқықтың дүниеден айрылады екенмін. Бұл не? Кезінде неге мемлекеттік тілдегі нұсқаны жазбады? Енді неге ауыстыра алмаймын? Ауыстыру үшін неге зардап шегуім керек?! Неге өз елімізде өз аты-жөнімізбен атала алмаймыз?! Бұл қашан жөнге келеді?

Береке Жумакаева

Фейсбуктегі парақшасынан