Сен тұр - мен айтайын!

Неге зарлауық, жылауық, шоушыл, шуылдақ болып барамыз?!

  • Неге зарлауық, жылауық, шоушыл, шуылдақ болып барамыз?!

    Неге зарлауық, жылауық, шоушыл, шуылдақ болып барамыз?!

Отандық телеарналардағы әлеуметтік бағдарламалар күн берсе, кіл: әйелі тастап кеткен күйеу, баласын көруге зар әйел, қашқын келін, т.б. отбасылық кикілжіңге толы тақырыптарды қозғайтын болып жүр.
Бұл - әрине, көрерменді бей-жай қалдырмайды, көңілді тербеп, беріле көріп, жүрегіміз езіліп, көз тамшымызды сығып алатын кездер де кездеседі.
Мұндай бағдарлама сандарының пайдалы жақтары да көп: мәселеге жолыққан жандарға түрлі көмектер беріліп, тығырықтан шығар жолдар да табылып жатады. Ондай жақтарына қуанасыз... Тіпті, арасында, бір-бірін сонша уақыт көрмеген, бауыр етінен немесе жақынынан жылдап көз жазып қалғандарды табыстырып, аяғы көзайым-шаттыққа ұласып жататын тұстары да аз емес.
Бірақ, халықтың көз-құлағына айналған, ұрпаққа, жастардың бойына белгілі бір деңгейде идеологиялық әсерін тигізер -- телеарна арқылы сондайды әр арнадан күн сайын көрсету, кері, зиянды жақтарына апарып жықпай ма?!.. Не нәрсені болса да көре-көре адамның еті өліп кетпес пе..?
Бала кезімізде, аудан орталығында (қалада) көпшілікке аты сырттай таныс бір кісінің жоғары сыныпта оқитын қызы "жоғалып" кетіпті. Оны ата-анамыз, үлкендер бір-біріне біз сыртта жүргенде табылса екен деген ниетпен ғана сыбырлап айтатын да қоятын. Балалар естімей-ақ қойсын, ондай сұрқия, суық әңгімені естімесін, жас өскіндердің бойы түршікпесін деген тілекпен, өсек өрбімей, пыш-пыш жайылмай, сумаң-сөз сол жерде сөнетін. Ақыр аяғы, жаңағы қыздың үлкен қала орталығына өзге ұлт жігітпен қашып кеткенін білгенде, әке-шешесі үйіне байлап әкеліп, әкесіндей адамға әйелдікке беріп жіберген. Елге қарабет қылды деп, халықтың алдында берген жазасы сондай болғанын бала көңіліміз ашық көріп-естімесек те, айқын сезген едік...
Қазіргі біздің бұл тұрғыдағы таным-түсінік, тәрбие тетігіміз сын көтереді деуге келе қояр ма екен?.. (Кеше ғана, бір бағдарламада, анасы тастап кеткен 17-18 жастағы қыз: "Әкемнің кім екенін білмеймін, өйткені, анам әркіммен бола берген ғой..." -- дегенді емін-еркін айтып отыр. Ондайға, студия қонақтарының да реакциясы сонша өзгеріп, "бетті басқандары" байқала қоймағандай. Көрермен амал жоқ, күнде жұмыстан келіп кешкісін қосады, көреді.
Етіміз өлмеген неміз қалды, сонда?!.. Неге біз, шын мәнінде ұрпақ ұсақталмасын десек, "ЗИЯЛЫлар жайлы" көбірек көрсетпейміз?!.. Неге зарлауық, жылауық, шоушыл, шуылдақ болып барамыз?!..
Әлде, фанерщиктер көбейген заманда Құдай Димашты беріп, таза ән әлемінің "көзін ашқаны" сынды, тағы да тым болмай бара жатқасын, Алланың өзі араласқанша өзгеріске төңкеріс жасамай, осы хал-қадарымызша қаздаңдап жүре бермекпіз бе?!..

Ақ-Зия Жайлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1544    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31