Сен тұр - мен айтайын!

Негізі біз өзімізді жақсы көрмейміз!

  • Негізі біз өзімізді жақсы көрмейміз!

    Негізі біз өзімізді жақсы көрмейміз!

Негізі біз өзімізді жақсы көрмейміз!

Шын айтам!

Тәтті-дәмді жегіміз келсе де, "қойшы, оның орнына тойымды нәрсе алмаймын ба?" деп, айналып өтеміз.

Әдемі киімге де ақша қимай, арзандауын ала саламыз.

Мейлі оны қоя берш, өзімізге, денсаулығымызға қарамаймыз ғой?

Бізде өзі екі-ақ ауру бар: "суық тиген" не "көз тиген". Ауырсақ, осы екі диагноздың бірін өз-өзімізге қойып аламыз да, ағзамызға жаға ма, зиян ба, әйтеуір жарнамадан көрген дәрілердің бірін ішіп, жүре береміз.

Тек ауру асқынып, құр сүлдеріміз қалғанда, онда да қиналыыып, міндетсініп, дәрігердің алдына зорға барамыз. Сосын ол әрине ұрсады. Бірақ біз оны жанашырлық деп емес, "қойшы, күйеуімен ұрсып қалған ба, өзі бір нервный адам екен" деп жақтырмаймыз. Қызық, ол сонда саған жанашырлығын басыңнан сипап білдіруі керек пе?)

Өзіме қарап айтып жатырмын. Мына бір аллергия деген бәленің басталғанына 3 айдан асып кетті. Мұрынға спрей сеуіп қойып, жүре бергем ғой. Содан кеше көзімнің іші істі. Бетім күп боп кетті. Сосын барып қозғалдым ғой. Дәрігер жақсы екен. Жасы 60-тан асқан шамасы. Ұлты орыс. Плотникова Александар Васильевна. Қолдары жұп-жұмсақ. Мұрнымды қарап шықты да, "спреймен дос болғаныңа қанша болды?" деп күлді. Бір айдан асты дегенсің ғой. Негізі үш айдай боп қалды. Өзімше "Вас рекомендовал дядя Виктор, мы с ним коллеги. Решила не заниматься самолечением, и к вам пришла" деп қоям. Сөйтіп ем, "аха, занимались же месяц" деп қояды) Алдап-сулап отырып, мұрнымды шайып, рентгенге түсіріп, капельница салып тастады. Енді отырмын, рахаттанып! Мұрныңмен дем алу деген кайф екен ғой)

Алқымға келгенде жүгірмей, барайықшы осындай мамандарға. Өзімізді өзіміз жақсы көрмесек, кім жақсы көрер дейсіз, өзіңізден артық)


Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1239    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.08.2019, 17:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30