Негізі, мілитсә мен таксистің оңған әңгіме айтқанын көрмеппін

15 сәуір 2022, 20:16

"Мен ішпеген у бар ма?" - дегендей, мен кім болмадым осы жылдар аралығында. Оның бәрін қазбаламай-ақ, таксист болған кезім туралы айтып көрейін. Таксист болғанда дальнякты да көрдік, қала ішінде де таксовать еттік қой.

 

Осында кейбіреу, таксистердің тапқанын санап отырады емес пе? Әрине, оған таксистердің мақтаншақтығы да себеп.

 

Нәпақамызды таксиден тауып жүрген соң, амал жоқ, қаласаң да, қаламасаң да араласатын ортаң сол таксистер. Негізі, мілитсә мен таксистің оңған әңгіме айтқанын көрмеппін. Телевизор көрмейді, газет оқымайды, кругозорлары узкий болып қалған пенделер ғой. 

 

Таксистердің айтатын әңгімесінің дені қанша клиентті қалай тапқаны, оның қалай төлегені айналасында болып келеді. Айтқандарына сенсек, менен басқаларының бәріне щедрый клиенттер тап келеді, әйтеуір, 1000 теңгелік жерге 5000 теңге төлеп кетті деп соғады. Ал маған мінгендер өңшең, 1000 теңгеге 200 тиыны жетпей қалады, не әмиянын ұмытып кеткендер ғой.

 

Енді тапқанына көшейік, олардың сөзіне сенсек, айына 450-600 мың табады. Жарайды, айтқанына сене салайық. Иә, ондай табыс табу, әлбетте мүмкін, шығынын есептемегенде.

 

Шығынын есептейік енді, жылына екі рет дөңгелегін ауыстырады, 4 дөңгелегіңіз кемі 100 мыңнан, 2 рет ауыстырғанда  200 мың болады. Дөңгелектің өзіне айына 20 мың шығын шығып тұр деген сөз, ал енді ол көлік бұзылмай ма, оған айына кемі 70-80 мың кетіп қалады. Көп жүрген соң, әр айда май ауыстыру келіп тұрады. Оған 15 мың жәй кетеді, дальнякқа кетсеңіз әр жарты ай сайын ауыстырасыз.

 

Жолда жүрген соң, оқыс жағдайлар да болып тұрады. Көлігіңізді соғып аласыз, түртіп аласыз дегендей. Кей кезде әбден наглеть етіп, біреудің көлігін байқаусызда соғып аласыз, ол кезде екі айлық табысыңыз құрдымға кететіні бар.

 

Жарайды, көп мыжып кеттім.

 

Жәй, осы таксистердің айтқанына сенемін деп тым тәуір жұмыс істеп жүрген жерімнен екі рет жұмысты тастап шығып кеттім ғой. Менің қателігімді қайталамасын деп айтып жатқаным.

 

Е, пәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ. Е, боқ дүние, кімге жетіп, кімге опа таптырғандайсың...

 

 

Ержан Тәліп

Фейсбуктегі парақшасынан