Негізі Наурызды екі бөліп тойлау керек сияқты. Оңтүстік пен Батыс 22 Наурызда. Ол тойға Солтүстік пен Шығыс қонақ болып келсе. Сосын мамырда Шығыс пен Солтүстікте. Оған Оңтүстік пен Батыс қонақ болса. Ел араласады. Халық бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түседі. Қазіргідей идология күйіп тұрған кезде бір оқпен екі қоянды атуға болады.
Әйтпесе, бүгінгі солтүстік өңірлер мен шығыстағы наурыздың күйісі әбден кетті. Ызғырық жел, ақтүтек боран, бүрсеңдеген халық. Басшылықтың бұйрығымен тігілген киіз үйлер. Сол үйге жылынуға тығылған қызметкерлер. Түске дейінгі показуха концерттер мен жұтаң дастархан. Түстен кейін алаңнан жан баласын таппайсың.
Негізі сәуірдің ортасына қарай ма жалпы халықтық мереке ретінде шегеріп тойлатса. Көкпар, айтыс, ұлттық ойындар, спорттық ойындар керемет болар еді. Мемлекеттік идеологияның өзін осы Наурыздан жасауға болады.
Оңғар Қабден
Фейсбуктегі парақшасынан