Сен тұр - мен айтайын!

Негізі өз басым сол роддомға гелик-бентли жалдайтын жігіттерді түсінбеймін

  • Негізі өз басым сол роддомға гелик-бентли жалдайтын жігіттерді түсінбеймін

    Негізі өз басым сол роддомға гелик-бентли жалдайтын жігіттерді түсінбеймін

Келіншегім Инди ҰЛ тумадым деп уайымдап жүр) Осыдан 7 жыл бұрын шілденің 28-інде әйелім тұңғыш қызымды туған еді. Күн жанып тұр. Түрім деген кеуіп кеткен. Содан не керек, хотуным мен сәбиімді перзентханадан шығарып алу керек. Сөйтіп, үйге такси шақырып, роддомға шықтым. Жолдан гүл алдым (скидкамен 1500 нтг болды). Романтика. Ойда түк жоқ. Лада приораның алдында Жәкең қатайып отырып алған. Мәәә барсам елдің күйеулері кәдімгідей лимузинмен келіп тұр. Еще артқы терезесіне "Өмірге тағы бір батыр келді" деген жазуы бар. Бізде батыр да жоқ, батыр болса да оны шығарып алатын лимузин де жоқ. Приорада кондиционер істемейді еще. Төрт терезені ашсақ та, көмектеспеді. Индиға звондап "Әй тез шық, таксидің күткеніне де ақша төлеу керек екен" деп ұрысып жүрмін. Шыққасын медбикеге сүйінші береді екенсің, еще фотоға төледім. Таксиді қосқанда вопщм бас-аяғы роддамға барған сапарым 5500 теңгеге айналды ғой. Сөйтіп әйелім шықты, ауыз бұртиып кеткен. "Елдің байы пысық, менің байым мысық" деп ойлап отырғаны көрініп-ақ тұр. Мен де қоймайм "Неменеге сонша мақтанып, қымбат көлік жалдаған мыналар. Сол ақшаға қатынына шубы алып бермей ме..." деп ақталып әлекпін. Сөйтіп приорамен терлеп-тепшіп үйге де жеттік. Тәтемнің настроениясы нәскиге түсіп кеткен. Айттым Ей "БАҚАЙ" тобындағы Бек Шәріп жеңгеміз босанғанда роддомға да бармаған. Әйелі көшеден такси ұстап, өзі қайтыпты. Мен келдім ғой қайта. Қуансаш соған да" дееегесің ғо. Білемін, келіешегім өзін басқа әйелдерден кем санап қалғанын. Анығын айтқанда іштей жүрегім ауырды. Байғұс үйге келгесін жылап отыр. "Ой жаным-ау соған да көңіліңді түсіресің бе? Болашағымыз әлі алда. Бастысы бас аман болсын! Үлде мен бүлдеге ораймын әлі де, кешірші! Қыз туып бергеніңе рахмет! сені жақсы түсініп отырмын, қазір аздап жағдай болмай тұрғанын білесің" деп маңдайынан бір сүйіп, жұбатқаным бар. Міне сондағы Аяулым қызым жетіде қазір. Аллаға мың шүкір. Негізі өз басым сол роддомға гелик-бентли жалдайтын жігіттерді түсінбеймін. Қазақпыз ғой мақтанғанды ұнатамыз. Десе де, перзентхананың алдында 15 мың теңгеге жалданған машинамен абырой жинау орынсыз әрі жабайылау деп ойлаймын. Ал сіз қалай ойлайсыз? Роддомдағы қызықтарыңызбен бөлісе отырыңыздар...




Көрілген: 3334    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.06.2021, 14:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31