Некелеріңді қию үшін жұмақтан бір молданы бір апта іздеп әрең таптым...
АПАСНЫЙ ӘНИГДОТ
Некесін қидыруға асыққан екі ғашық абариа болып, жұмаққа тап болып, жаратқанның алдынан бірақ шығыпты.
- О, жаратқан ием, өлсек те некеміз қиылып өлейікші? - деп өтінген соң жаны жұмсақ Жаратқан:"Қазір онда" - деп кетіп, бір аптадан соң бір молданы жетекетеп келіпті. Молда екеуінің некесін қиып кеткен екен.
Екі ғашық біраз күні жұмақтың не екенін білген соң Жаратқанның қабылдауына тағы барыпты.
- Не керек?
- Мына жұмақта некеге тұрғаның бекер екен ғой, ажырассақ деп едік - дейді әлгі екі үздіккен.
- Қумаңдаршы-ей! - дейді сонда Жаратушы чип-чисты қазақша, - некелеріңді қию үшін жұмақтан бір молданы бір апта іздеп әрең таптым, енді ажырататын сотты табу уәпше мүмкін емес!
Асқар Наймантаев
Фейсбуктегі парақшасынан