Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Неше шенеунік алдына ақталуға келіп, ақшаға сатылғанын өздері дәлелдеп кетті.

28 сәуір 2019, 00:12

«Барлығын мейлінше оңайлат, бірақ мейліншеден әрі барма» депті Эйнштейн. Автобиографиялық мәліметтерге сүйенсек, ғұлама небір қиямпұрыс теорияларды жасауға балаға да түсінікті қарапайым образдарға сүйенген.

Ендеше, халық әлдеқашан Эйнштейн. Шенеунік біткенді жылататын — «ақшаға сатылған ғой» дейтін қарапайым үкімі бар. Және ол тұжырымы теріске шыққан күні жоқ.

Бар комедия - шенеуніктер халықтың осы — жағымсыз, тым қарапайым, баланың ойы сияқты ойын жоққа шығаруға әлек болған кезде басталады.

«Қалай түсінбейсіңдер, мұның артында үлкен саясат жатыр...» деп өкпелейді кейбірі. Бірақ сөйлеген сайын халықтың ойын нықтай береді. «Дұрыс қой, ақша ғой баяғы енді!» дейді халық. Ақыры шенеунік «топас» халыққа түсіндіруден күдерін үзеді.

Халық аң-таң. Неше шенеунік алдына ақталуға келіп, ақшаға сатылғанын өздері дәлелдеп кетті.

Солай жалғаса бермек.

Бұл қашан бітеді? Ешқашан.
Әлімсақтан бергі үрдісті үзетін заманда отырмыз деп айта алмаймын.

Әңгіме елімізге емес, адамзатқа байланысты. Терминдер мен диаграммалар жамылып, бұқараны құлақтан тебу ісі жақсылап жолға қойылған, және тоқтайтын түрі жоқ.

facebook.com