Несиені аларда бізбен бөліскендей боп міндет артқаны несі?!

29 мамыр 2021, 12:43

Мә, беті құрсын!

 

Фейік боп ақша сұрағанды көрдік, енді дос боп ақша сұрайтын қаптапты ғой.

 

Не ауру емес, не басқа емес не болды я.

 

Несиені аларда бізбен бөліскендей боп міндет артқаны несі?!

 

Төлей алмадың ба? Сат үйіңді.

 

Сұраушылар көбейген сайын берушілер одан да көбейіп бара ма не?

 

Жақтаушылар тегі.

 

Барыңдар ары, боқты сатып ақша жасаса да жұмыс көп ғой, жылу жинап желіде сыпсың қағып сыланып отқанша қара жұмыс істеңдер бар!

 

Негізсіз елден ақша сұрау деген ұрлықтың жаман түрі.

 

Бермесең ұяласың, берсең де жаман боласың. Рахметі жоқ.

 

Нан табу үшін ақысын төлесе байдың туалетін тазалауға арланбаймын мен, тек со бай менің ақымды жеп қояды.

 

Ақымды жесе жанын тартып алсам да ақысыз кетпеймін мен.

 

Кім болса да мынадай қайыр тілегенше асылып өле қалғаны жақсы.

 

Апам айтпақшы, Өле қал!

 

 

 

Лаура Сартай

Фейсбуктегі парақшасынан