Облыстық гидрометцентр мен төтенше жағдай департаменті, ай қарап отырды ма?

08 қараша 2019, 10:20

Алдыңғы күні ғана, бір жарым тәулік бойы жауып бораған қар, Ырғыздың халқын,сәмтіретіп кетіпті. Қалада жылы үйде жатқан біздер, "Ойбай ауылды қар басып тастапты""Жолды жауып тастапты""Қар, үймен бірдей болыпты"деп,у-шу болдық та қойдық. Сөйтсек...бір шаруа қожалығының,20 бас, енді бірінің 50 бас,енді бірінің 300 бас,тіпті бір кісінің, бір отар қойы түгел қар астында,қырылып қалыпты...!!! Әзірше ығып немесе қамыс қопаға кіріп кеткен ірі қараларының, өлі-тірісінен хабар жоқ. Ығып кеткен жылқыларының да қайда жүргенін білмейді.Омбы қарды жарып,іздеп шығатын техникалары да жоқ...
Әйтеуір, адам шығыны жоқ екен. Аяқ-асты соққан табиғат апатынан, ауыл халқы ес жия алар емес. Ал, облыс басшыларынан ол жаққа барып, хал-жағдайын сұрағанын әлі естімедім. Таяғын ұстап қалған ел азаматтарына, қандай көмек ұсынары да белгісіз...
Айлық алып отырған облыстық гидрометцентр мен төтенше жағдай департаменті, ай қарап отырды ма? Неге алдын ала ескертпегенін түсінбедім...

Малик Ораков
Фейсбуктегі парақшасынан