Сен тұр - мен айтайын!

Оған бір кіріп шыққан балаларға тозақ қорқынышты емес

  • Оған бір кіріп шыққан балаларға тозақ қорқынышты емес

    Оған бір кіріп шыққан балаларға тозақ қорқынышты емес

Қайбір жылдары батыс елдерінің бірінде жалғыз өзі үйінде қайтыс болған қарт әйелдің мәйітін иті жеп қойғаны жайлы жаңалық медианы шулатып еді. Батыс елдердегі балаларының/қамқоршылардың қарауынсыз қалған қарттардың үйінде құрттап жатқан денелері табылған жаңалықтардың басы да соңы да ол емес, әрине. Оны былай қойып, сол күйдегі қарттарды іздеп тауып жерлейтін арнайы қор мен топтар да бар көрінеді. Аз емес, жалпы. Өздері соған разы болар, бәлкім. Бірақ, саналы ойдың елегімен қарағанда негізгі отбасы құндылықтарынан әлдеқашан мақұрым болған сол халықтардың шығарған «бала тәрбиесі мен құқықтары» мәндес жуындыларын негізге алып біздің Парламент жаңа заң қабылдағалы жатыр екен.
Әр баланың өз бөлмесі мен «пғостғанствасы» болу керек екен. Болсын, ал! Жоқ емес қой. Егер ол берілмесе, асырауға жағдайы жоқ деп ата-анадан баласын алып, балаларды арнайы икемдеу орталықтарына қарапайым сөзбен айтқанда «жетімханаларға» өткізетін көрінеді. Ондай орталықтарда боп жатқан тозақтың жайын айтпай-ақ қояйын. 3 жылдай волонтерлық топпен барып әбден зерттеп көргенбіз о жақты. Оған бір кіріп шыққан балаларға тозақ қорқынышты емес. Әлгі балалар есейе келе қылмыскерлерге айнала бастайтыны содан шығар. Әлеуметтік жағдайды ескеру қайда? Қалада көттей 1 бөлмеде шеттей баламен тұрып жатқан отбасылар қайтеді сонда? Фактқа орай, ондай отбасылар бар және көп.
Біз алты бала бір көрпенің астында өстік. Жағдайдың жоқтығынан емес, көңілдің тоқтығынан, көптің шаттығынан. Әйтпесе, әкемнің үйі бақандай бес, атамның үйі апандай алты бөлмелі еді. Ағамның кәстөм-шалбарын киіп, сөмкесін ұстадым. Ағамдікі болғаны үшін. Ағамның иісі болғаны үшін.
Бала болдық қой. Ессіз болдық. Қанша ескертсе де, атамның қалтасынан ақша ұрлайтын едік. Жүзімдікті жұлып кететінбіз. Малға су беруге ерінеміз. Талай ескертті ғой басында. Ақыры апам сабады әдемілеп. Қанжоса қып емес, әдемілеп дедім. Содан кейін ғана сап тиылдық. Ол үшін апамды жек көріп кетіппіз бе біз? Қате я дұрыс деп баға беретін дәрежеде емеспін әлі. Бірақ, өз мөлшерінде адам қылды ғой бәрімізді. «Детская тғавма» дейді ғой әлгілер. Әнтош тамырыма айтсам, «Енесінің а*ына жоқ жерден травмашыл солар-ақ!» дейді. Ескерте кетейін, Әнтош әйеліне саусақ тигізбек түгілі өмірі дауыс та көтермеген адам. Бірақ, балаларына айғайлап тұрады анда-санда. Ұлдары Алпамысты жаттап алған. Кілең беске келе жатыр. Үйге келген қонақтарын әкесіндей күтетініне қалай сүйсінбейсің. Ертең қартайғанда Әнтөш пен жеңгейдің мәйіттері срогынан өткенше көмусіз қалмайтынына сенем, әйтеуір. Бірақ, әлгі жуындыны заңға енгізетіндердің мәйітіне жауап бере алмаймын.
Мәселе мәйітте де емес. Жай орайы келген мысал да. Әйтпесе, ата-анаға қамқорлық, балаға тәрбие мен азық беру заңның емес, о баста табиғаттан берілген бейсана болмыстағы жауапкершілігіміз ғой. Қазір біздің қоғамда сондай бір тобырлар пайда болды ки, бұлар үшін қазақ деген сөздің шеңберіндегі барлық нәрсе «жаман», барлық нәрсе «жабайылық». Рас, біздің қоғамда кемшілік көп санасаң. Мен де белгілі бір деңгейде батыс қоғамындағы жетілген біраз игіліктердің бізге оңтайланып келгенін қалаймын. Бірақ, оларда еш кемшілік жоқ деген сөз емес қой, ділдәбас-ай! Өздері өмір сүріп жүрген осы қоғамының оң-солы қайда екенін білмей тұрып, вертикал һәм горизонтал отбасы дейді ғой. Соны қолдап пост жазып жүрген бірнеше қыз-жігіттерді өте жақсы білем. Әке-шешесімен адамша отырып сөйлесе алмайды. Өзі қоқыстан туғандай өз ата-анасының мейірім-мәмілесінен жиіркенеді. Қызық. Жоқ деймін де, енді. Мен де гендерлік теңдік идеялары үшін жанқияр адаммын. Мен де феминиспін. Мен де адамның ортақ базалық құқықтары үшін күресемін. Бірақ, кешіріңіздер ки, мына әкеліп жатқан бала тәрбиесі мен құқықтары жөніндегі «көшірмелер» ашығын айтқанда, қып-қызыл *отанымды жеген әңгіме боп тұр.
Қайбір жылы EXPO 2017 көрмесіне көкпар ойнаймыз деп қырық та нөл ұпаймен ұтылып, өз қазандығына автогол жасап жүрген АҚШ «шабандоздары» естеріңізде болар? Бір мезетке солардың келіп біздің ойынға ереже жазып, көкпар қалай ойнауды үйретіп жатқандары елестеп кетті көз алдыма.
Бұлардікі де сондай бір безілдек гәп тә е, жақын?!




Көрілген: 1043    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.01.2021, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31