Сен тұр - мен айтайын!

Өкінішке қарай, тек қазақтың асханасы жоқ

  • Өкінішке қарай, тек қазақтың асханасы жоқ

    Өкінішке қарай, тек қазақтың асханасы жоқ

АМЕРИКАДА ҚАЗЫ БАР МА?
—— Нұрсұлтаннан Нью-йоркке дейінгі билетті "Uzbekistanair" арқылы алғанбыз. Бұрын Мәскеуді көріп қойғанбыз, түнгі Ташкентті көрейікші дедік. Одан маңыздысы, жолда байқамай доңыз етінен бірдеме жеп қоямыз ба деп өзімізше сақтанғанымыз еді.
Өзбекстанның әуе компаниясы үмітімізді ақтады. Ұшақ таза болды, тамағы да жақсы. Жақсы деп отырғаным, бізге қазы берді. Иә, кәдімгі қазы.

Енді Америкаға келген соң біліп жатырмыз, жалпы жылқы етін жейтін тек қазақ емес екен. Мексика мен Еуропада жылқы етінсіз өмір сүре алмайтындар көп екен.

Жылқы етін жеуге 2006 жылы АҚШ тыйым салған, ол Барак Обаманың тұсында, 2011 жылы алынып тасталыпты. Сонымен қазір Америкада бұған тыйым жоқ. Бірақ АҚШ кедендік бақылау талаптары бойынша, бұл елге ет, қазы алып кіруге болмайды. (Негізі, көөп нәрсені алып кіруге рұқсат жоқ, ет, қазы солардың бірі ғана.) Ал, енді қайттік? Америкада төрт жыл жүрсек, төрт жыл бойы қазы жемейміз бе? Кәдімгі балалардың тілімен айтқанда, "домалақ қазыны” айтам. Келгеннен соң он күн өтпей, балалар “ауылдағыдай ет асып жегенді сағындық” дей бастаған. Сиыр етін оңай таптық. Қазы туралы үміт жоқ еді.
Сөйтсек, Америкада, дәл Нью-йоркте қазы сатылады екен.Ол қандай қазы дейсіз ғой? Өзбектің қазысы. Былтыр ашылған "Tashkent” супермаркетінде бір қарыс қазы 21-23$ тұрады. Ал өзбектердің асханаларында қазының жұқа бір тілімі - 2,5$.
Осылай.

P.S. Жалпы, Нью-йоркте қазақтан басқа барлық ұлттың асханасы бар. Ал өзбектердің мәзірінде “нарын" да бар екен. Бірақ ол біздікінен сәл басқаша.
Иә, Нью-йоркте барлық ұлттың асханасы бар. Өкінішке қарай, тек қазақтың асханасы жоқ.

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 676    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.01.2020, 11:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30