ӨКПЕЛЕМЕЙ, РЕНЖІМЕЙ, ЖЕК КӨРМЕЙ өмір сүруді үйреніңіз

ӨКПЕЛЕМЕЙ, РЕНЖІМЕЙ, ЖЕК КӨРМЕЙ өмір сүруді үйреніңіз

ӨКПЕ, РЕНІШТЕН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ ?

Ешкімге Өкпелемей, Ренжімей, ешкімді Жек көрмей өмір сүруге болады ма?
Көбіміз «Болмайды, пенде болған соң өмірде небір жағдайлар болып жатады, сені бір адам себепсіз ренжітсе, алдаса, қорласа қалай Өкпелеймейсің, қалай Ренжімейсің, қалайыншы Жек көрмейсің» деп жауап беретіні сөзсіз..

Бірінші Өкпелеу, Ренжу, Жек көру өзіңіздің ден саулығыңызға, табысыңызға, өміріңізге қандай әсер беретінін ойлап көріңіз. Өкпелеу, Ренжу, Жек көру адамда бақытсыздық, стресс гормондары Кортизол және Адреналинді көп мөлшерде бөлгізеді. Стресске түскен адамның бүкіл ағзаларына өте зиян әсерін береді: ас қорыту процессі бұзылады, көңіл күйі түсіп, түрлі самотикалық ауруларды қоздырады, гастрит, язва, инсульт, инфаркт, рак ауруларын қоздырады. Көңіл күйі түсіп бастаған ісі кері кете бастайды. БҰНЫҢ БӘРІ СІЗГЕ КЕРЕК ПЕ?

Ал осы Өкпе, Реніш, Жек көру деген бәлелерден қалай құтылуға болады?
Алдымен осындай сезімдерді сезіну үшін сіз өзіңіз өзіңізге рұхсат бересіз, осыны түсініп алыңыз.
«Менің келісімімсіз ешкім мені ренжіте алмайды» деген екен Эленора Рузвельт деген адам. Қандай жағдай болса да «Мен Ренжуге, Өкпелеуге, Жек көруге өзіме өзім келісім бермеймін» деген ШЕШІМ қабылдап тастаңыз..
Будда бір ауылдың қасынан өтіп бара жатса бір адам оны баяғыдан іздеп жүреді екен, қуып жетіп, оған айтпаған сөзді айтып балағаттапты. Будда күлімсіреп, тыңдап тұра беріпті. Содан кейін әлгі адамға «Сізге бір сұрақ қойсам болады ма?» деп сұраған екен. «Болады» деп жауап беріпті балағаттан адам. «Егер сіз бір адамға сыйлық алып келсеңіз, ол адам ол сыйлықты қабылдамаса, сыйлық кімде қалады» деп сұрайды. «Әрине алып келген адамда, оның несі сұрақ » деп жауап береді балағаттаушы. «Олай болса сіздің бағанадан бергі балағатыңыз бен боқтығыңызды, мен қабылдамадым, өзіңізде қала берсін» деп бұрылып жүріп кетіпті..

Деніңіз сау болсын, бақытты да ұзақ өмір сүремін десеңіз ешқашан ӨКПЕЛЕМЕЙ, РЕНЖІМЕЙ, ЖЕК КӨРМЕЙ өмір сүруді үйреніңіз. Ол шын мәнінде оңай!

Осы тұжырыммен келісемісіз? Сіз осы өмірде біреуге Өкпелімісіз? Немесе Ренжіп жүрмісіз? Болмаса біреуде Жек көресіз бе?
Осы сезімдерден шынымен құтылу мүмкін деп ойлайсыз ба?

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста