Оқулықтарға шетелдегі қазақтардың тарихы туралы бірнеше параграф енгізген дұрыс
Мектептегі «Қазақстан тарихы» оқулықтарына шетелдегі қазақтардың тарихы туралы бірнеше параграф енгізген дұрыс. Қытайдағы, Ресейдегі, Өзбекстандағы, Моңғолиядағы, Түркиядағы, Еуропадағы қазақтар ол жерде қашаннан мекендеп келеді, қайсысы байырғы атамекенінде отыр, қайсысы сталиндік саясаттың кесірінен үркіншілік жылдарында ауа көшкені жазылғаны керек. Олардың саны мен жергілікті салт-дәстүр, мәдениеті де қамтылғаны жөн. Бұдан бір жағынан шетелдегі қазақ диаспорасының тарихын балалар жастайынан біліп өседі, бір жағынан бұл бөлімдер дұрыс жазылған жағдайда ешкім шеттен келген бауырларды кемсітіп, саусақ шошайтып сөйлемейтін болады.
Болат Мүрсәлім
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы