Сен тұр - мен айтайын!

Ол байғұс өз бақытын іздеген бір бейбақ қой...

  • Ол байғұс өз бақытын іздеген бір бейбақ қой...

    Ол байғұс өз бақытын іздеген бір бейбақ қой...

 Кейде біз осы "ана қыз неге өзге ұлтқа тұрмысқа шығады, жігіт құрып қалды ма?" анау да мынау деп, танымайтын-білмейтін адамды жерден алып, жерге салып жатамыз ғой. Осының өзі-ақ біздің көп нәрсені түсінбейтінімізді білдіреді.

Мысалы жалғыздық дегенді. Жай уақытша бірер сағат, бірер күн жалғыз қалу бір бөлек, ал үнемі, өне бойы жалғыз болу:

жалғыз шай ішу,

жалғыз ұйықтау,

жалғыз ояну,

әсіресе түн жарымда селк етіп оянып, жалғыздықтан көз іле алмау,

өмірдің қиындығын жалғыз арқалап,

қуанарға да жан таппау...

Айтуға ғана оңай...

Шешім шығарайын десе де, ақылдасатын адамы жоқ...

Бірақ осының ешқайсысын ешкімге сездірмей, күлімсіреген масканы киіп, бір мезгіл адамдардың ортасына барып,

бірақ қайтадан ешкім күтіп отырмаған

құлазыған пәтерге оралу...

Сіз осыны түсінесіз бе?

Біз осы сезімді түсінеміз бе?

Жоқ, түсінбейміз... Егер өзіміз бастан өткермесек...

Сондықтан ғой бізге оп-оңай: отырып алып біреуді сынау, мінеу, мазақ ету, күлу, көпшілікке салып талқылау...

Шындап келгенде, бізде жалғыздар өте көп...

Өз теңін таппағандар...

Тапқандай боп, бірақ оңбай аузы күйіп, қайтадан өз жалғыздығына оралғандар,

Енді қайтып сол жалғыздығынан шығайын десе, қорқатындар...

Жалғызбын деуге ұялатындар...

Және ең ауыры -

Жалғыздыққа көндігіп,

Өзін сол жалғыздыққа мәңгіге айнымас жар етіп алып,

соған қиянат жасағысы келмейтіндер!

Міне, бұл - жалғыздықтың ең соңғы стадиясы!

Одан жазылу қиын, тіпті мүмкін де емес.

Әлгі өзге ұлт, жат ел, тіпті жат құрлыққа кетіп жатқандар ең соңғы күш-қуатын жинап, құрдымға батып кетпеу үшін жанталасып, басы ауған жаққа болса да қашып құтылып жатқандар ғой...

Неге тілдейміз ендеше?

Ол байғұс өз бақытын іздеген бір бейбақ қой...

Артыңа қарама дейік те одан да...

Қайрылмасын, жалғыздығын сағынбасын!


****

Бүгін маған екі адам, екі жалғыз хабарласты: бірі өз бақытын іздеп жүр екен... Ол кім, қайда, не істеп жүр, неге кездеспейді? Оны өзі де білмейді...

Бірақ үміті бар.

Осы уақытқа дейін күтіпті.

32 жыл. Тапжылмай...

Келер деген ғой...

Бірақ келмеген...

Текке өзін алдап келгенін енді білген.

Енді ешкімнің өздігінен кездесе салмайтынын,

Ешкімнің бір жақтан бақыт әкеліп бере салмайтынын анық түсінген.

Сосын іздеуге кірісіпті.

Бірақ онысын ұяла-ұяла әрең айтты.

Өзін кінәлі сезініп.

Жақсы жігіт. Жақсы адам. Құдай-ау, осындай жақсылар неге жалғыз қалады екен-ей?.. Неге?.. Сол жақсылығынан шығар... Әсте, жақсы болу басқаларға жақсы болғанымен, адамның өз басына пайда әкеле бермейді-ау осы...

Сәл жамандау болу керек-ау...

Бірақ үмітті узбеу керек, сосын бақыт іздеуден ұялмау керек. Ол арсыздық не қылмыс емес қой. Адамдар осы арсыз іс не күнә жасарда неге ұялмайды екен и? Ал өз жартысын іздеуге ұялады...

Бірді айтып, бірге кеттім бе?..

А иә, екіншісін айтпаппын ғой

Екіншісі мені қатты қуантты.

Өз бақытын тауыпты...

Жақсы қыз... Әлгі жігітке таныстырып жіберейін бе деп ойлап үлгергенім сол еді...

О Алла! Ойлап тіпті үлгергем де жоқ, бұл қызым "Әпке, сізді ұзатуыма шақырайын деп едім" деп жазыпты...

Ол да 30-ға кеп қалған еді...

Сондықтан

Қуаныштан көзіме жас кеп қалды.

Тым құрыса жер бетінде бір жалғыз азайды ғой деп...

Лайым, адамдар жұбын тапса екен...

Өйткені бақыт тек сонда!

Бір тиынның, бір малдың екеу болуы оп-оңай, бір бастың екеу, сосын үшеу, төртеу болуы қиын...

Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасады.

Ал, әлгі жақсы жігітті жабылып жүріп, жалғыздықтан құтқарып жіберейік.

Жақсы қыз бар ма?

Мүмкін өзіңіз жалғыз жүрген шығарсыз?...


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1651    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.09.2019, 22:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30