Сен тұр - мен айтайын!

Ол жақтың әйелдері кілең секретарь мен райсполком туады екен...

  • Ол жақтың әйелдері кілең секретарь мен райсполком туады екен...

    Ол жақтың әйелдері кілең секретарь мен райсполком туады екен...

Жұрттан Сүлеймен туады, меннен сілейген туады ш.ш.с...
Байғанин ауданында Есқали деген кісі өткен. Қызыл белсенді, беделді кісі болса керек. Кейін жайлауда қой бағып, жақсы шопан болған естуімше. Сөзі өтімді, көбі батылдығын сыйлайды екен.
Сол тұста Байғанин ауданына екі бірдей басшы Шалқардан келеді. Содан екі басшы ауыл аралауға шығады. Олардың келетінін алдын ала білген Есақаң атына мініп алдынан шығады. Көк волганың алдынан көктей өтіп қиыс кетіп барады. Оны танып қалған ауданның бөлім басшыларының бірі:
-Ойбай мынау Есақаң ғой тоқтайық, — деп жол сұрасады. Іштегі екі дөкей де түсіп амандасады.

-Оу, Есақа жол болсын?
-Өй мына Шалқарға кетіп бара жатырған.
-Жайшылық па?
-Шалқардан кемпір әкеліп бала таптырайын деп едім...
-Оу, неге, шүкір балаларыңыз бар емес пе?
-Ол жақтың әйелдері кілең секретарь мен райсполком туады екен, — дегенде ешкім үндей алмапты. Содан Есақаңның немересі ме, әлде сол ауылдың бір баласы ма малдәрігерлік оқуға түсіп, оны бітіріп ауылға жұмысқа тұрады. Бір күні ит ату науқанында әлгі бала өзі бастап ауылдың біраз иттерін жайпап салса керек. Ішінде шалдың жақсы көретін төбеті де кетеді. Мұны естіген Есақаң:
-Өй шешеңді с..., жұрттан секретарь туады, бізден кілең ит ататындар туады,— деп біраз күйінсе керек.

Самат Нарегеев
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2712    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 08:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30