Сен тұр - мен айтайын!

Ол қыз: "Ойбай, өлмеші. Мақұл, тием" деп тиіп алғанында не болар еді, а?

  • Ол қыз:

    Ол қыз: "Ойбай, өлмеші. Мақұл, тием" деп тиіп алғанында не болар еді, а?

Баяғыда қыздан қыз қоймай жүрген бойдақ кезім ғой. Қыздан қыз қоймағанда не ғой, үйленетін қыз көріп, біреуін де көндіре алмай жүрген шағым.
Бір қызға сөз айтып едім, ол: - Екеуміз мүлде бөлек адамдармыз. Екеумізден жұп шықпайтын сияқты, - деп өрекпіген көңілімді су сепкендей басты. Бұл қызды да ептей алмасам, тағы бір жасқа қартайып сүр бойдақтардың қатарын толтыруым бек мүмкін деп қатты думкіге салынып, депрессияға түсуге шақ қалдым. Бірақ, сасатын мен бе, "суға кеткен тал қармайдының" кебімен:
- Маған тимесең өлем. Маған өмір қызық емес - деп қойып қалдым. Шынымен өлетін адам құсап, найзадай кірпіктерімді төмен түсіріп, тереееең "уһһһ" деп күрсініп қоюды да ұмытпадым. Ана қыз бетіме қараааап тұрды да:
- Өлсең өле бер - деееді.

- Өлсем, "өліміме Мыржапия кінəлі" - деп жазып кетем.
- Жазсаң жаза бер.
Қыздың алдында сұңқиып өле қоятын мен бе? Төмен қарап қалған кірпіктерімді көтеріп алдым да, қайқайып жөнеп бердім.
Сол кезде құдай сақтап қалыпты. Кейінірек ол қыздың темекі шегіп тұрғанын сыртынан көріп қалдым. Ал, егер ол қыз: "Ойбай, өлмеші. Мақұл, тием" деп тиіп алғанында не болар еді, а?
А, айтпақшы суицидке баратындар ешқашан өлем деп айтпайды екен. Так ышто өлем дегенге сене бермеңдер.

Ержан Тәліп
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 2061    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 11:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29