Сен тұр - мен айтайын!

Ол президент орынтағынан кеткесін міндетті түрде сотталады деп үміттенемін

  • Ол президент орынтағынан кеткесін міндетті түрде сотталады деп үміттенемін

    Ол президент орынтағынан кеткесін міндетті түрде сотталады деп үміттенемін

Трамптың шашбауын көтеріп шапқылап жүрген қазақтардың таяздығына таңғаламын.
Трамп өз елін, яғни 200 жылдық тарихы бар демократияны күллі әлемге, әсіресе, майлы көтендері тағына бір жабысып, ол жерден тек табытпен шығатын көсемсымақ байғұстарға да таба қылып, елін жаһанға тұңғыш рет позор қылған есерсоқ басшы.
Жалпы, Америка саяси истеблешментіне бұл Капитолидегі сұмдық болашақта сабақ болады деп үміттенемін.
Келешекте Ақ үйге Трамп тәрізді кездейсоқ клоундарды кіргізуге болмайды, оны өздері де түсінген шығар.
Сыртқы саясатты да қарық қылмады бұл Трамп. Әр шөптің басын бір шалып суқит қылды.
Осы "Трамп Қытайды ықтырды, бұқтырды" деп жүргендердікі далбаса әңгіме.
Трамптың тұсында Қытай тұрмақ, Солт Кореяның, кешіріңіздер, жаясы да қисаймады.
Қайта Қытай Трамптың көзін бақырайтып қойып Гонконгты батыс ықпалынан жұлып алды. Ал істеп ал Трамп...
Оған Трамп тек ауа тепкілеп, сасқанынан қолынан шығып кеткен Гонконгке санкция салды. Болды.
Бұның қатесі өте көп. Оның бәрін жазып саралауға ерініп отырмын.
Мен оның бәрін қатырып жазып шықсам сіздер онымен келісетін едіңіздер. Ол гарантия.
Жалпы, Трамп Америка саясатына келген былығы көп кездейсоқ адам.
Ол президент орынтағынан кеткесін міндетті түрде сотталады деп үміттенемін.

Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1043    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 12:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?
    17 Желтоқсан 2020
    Жігіттер, мал болмайық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31