Сен тұр - мен айтайын!

Олар қазақты білмей қалай қазақ болмақшы?

  • Олар қазақты білмей қалай қазақ болмақшы?

    Олар қазақты білмей қалай қазақ болмақшы?

Мен дінге қарсы емеспін. Бірақ әсіре діншілдікті қабылдай алмаймын. Қазір ораза тұтып дінге бет бұру сәнге айналған тәрізді. Өткенде Ерлан Төлеутай ағамызбен Алматы қаласындағы бір мектепте кездесу өткіздік. 300-ге жуық жоғары сынып оқушыларының бірде-біреуі Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай тәрізді музыканың тұлғаларының кім екенін айта алмады. Ал сасып қалған мектеп директоры "балалар ораза ұстаған соң шаршап жүр" деп ақталды. Ерекең "өсіп келе жатқан бала ағзасына үнемі қорек керек қой" деп реніш білдірді.


Келесі бір жиында колледждің бір топ (60 шақты) студенті қазақтың бірде-бір классикалық жазушысын оқымаған, тіпті танымайтын болып шықты. Бірақ бәрі де әртүрлі діни еңбектер (әрине, құранның өзін емес) оқыған екен. Сонда олар қазақты білмей қалай қазақ болмақшы?


Бүгін Алматыдағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке бардық. Селдіреген аз қазақпыз. Полиция тұр бұрыш-бұрышта. Ал түсте мешітке ағылған жастарда есеп жоқ.


Аxмет Байтұрсынұлы музейінде флешмоб шарасын өткіздік. "Су ішіндер" десек, балалар тағы "оразамыз, ауыз ашып қойсақ күнә ғой" дейді. Айналайын, бейкүнә жастар бір тамшы су ішкені үшін күнәxар болса, солардың күнәсін арқалап тозақта мен-ақ өртене қояйыншы.


Бүгін кешке жұмыстан қайтып келе жатып "Шалқар" радиосын тыңдап тіпті күйіп кеттім. Өзегімді ащы өксік запран қарып кетті. Қуғын-сүргін құрбандарын айтар ма деген үмітім әдрем қалды. Діни әндер, діни уағыздар...

Кешкі, түнгі бағдарламасын айтты. Бәрі сол діни тақырыптар. Біз зайырлы елміз бе, әлде діни ме? Мемлекет қаржыландырыратын ұлттық мекемеге сондай құзыр берілгені қайран қалдырады.


Меніңше, бүгін аза тұтатын күн. Барлық БАҚ осы тақырыптың аясында құрбан болған ұлы тұлғаларымызды насиxаттауы тиіс еді. Ал бізде - дін. Сол арыстар біз үшін күресіп құрбан болмағанда қайдағы ауызашар, қайдағы ораза, қайдағы қадір түні... Ұлымыз құл, қызымыз күң болып баяғыда-ақ құрып кетер едік қой.


Бұл жолы анық құрыдық-ау. Іштей ірідік.


Қай ортаға барсақ та діни уағыздар. Еврейлер мен арабтардың мифтік, өнегелік өмірі. Арғы түрік бабаларды айтпағанда бергі ұлы қазақтар туралы бір ауыз өнегелі сөз жоқ. Кешіріңіз, мен тек ұлы бабаларымның ерлігін айтқым келеді, солардың жолын жалғастырғым келеді.


Орысцентризм, қытайцентризм мен арабцентризм идеологиялық ықпалынан құтылу үшін өз қазақцентризмдік санамызды жаңғырту керек. 


Арман Аубакир

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1928    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.06.2019, 11:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31