Сен тұр - мен айтайын!

Олардан тек шибұт әнші ғана шығады...

  • Олардан тек шибұт әнші ғана шығады...

    Олардан тек шибұт әнші ғана шығады...

ОҚШАУ ОЙ

Намыстан басқа түгім де жоқ. Ал намыстың серігі - ұят, ар-ұждан. Өзім өлген соң итіме де керегі жоқ дүние-байлыққа байланбағанмын. Өз баламнан спортшы жасай алмаған соң үйде отырып “неге алтын алмады”, “пәленнің ұлты басқа, қазақ болса өйтпес еді” деген оттаубай түсініктен адамын. Төккен тер, еткен еңбектің жемісін көрсе екен Елдостар мен Ольгалар… Өз балаңды 3-4 жасынан үйірмеден-үйірме қоймай сүйресең, үлкен спортқа баулысаң ешкімге ешкім қой деген жоқ. Сондықтан да жатып алып ұлттық намыс туралы айтқан әңгіме өтпейді.
Біреулер шешесінің көп құрсақ көтергенін айтып езуін кереді. Өзі не бітіріп жүр? Таптыр, тап, намысты, еңбекқор ғып өсір. Кім қой дейді? Әйелдің ең нашарының қолынан бала туу, сол баласын шексіз жақсы көру келеді. Кісі үйінің еденін жуса да, о баласын аш қалдырмайды және де. Ал сен не бітірдің? Әлгі үйінде жатып намыс туралы айтып кіжінген еркекті айтам. Азаматты емес, еркекті. Ал еркек көп қой. Әскер көрмеген жігіттер де ұсақ, желсөзге әуес. Салғыласуға қоя бер. Олардан тек шибұт әнші ғана шығады. Дәстүрлі емес, есер әнші. Солай. Менің түсінігім солай. Өзгеде шаруам жоқ.

Айгүл Болатханқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2424    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.07.2021, 16:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30