Сен тұр - мен айтайын!

Олардың түсінігінде жұмыс істеу - бөлінген қаражатты игеру ғана...

  • Олардың түсінігінде жұмыс істеу - бөлінген қаражатты игеру ғана...

    Олардың түсінігінде жұмыс істеу - бөлінген қаражатты игеру ғана...

Өз басым дүнген ұлтының өкілдерімен араласпақ түгілі, оларды көрген емеспін..

Желідегі қазақтардың бір тобы оларды еңбекқор, қонақжай деп мақтап жатыр.
Екінші тобы, бір бармағын ішіне бүккен ішмерез, бірақ бірінен бірі дүние-малын аямайтын өте ұйымшыл деп даттап жатыр.

Бірнеше ғасыр отар болғанымыз ізсіз кетпей, біздің бойымызда көптеген комплекстер қалыптастырып кеткенін білесіздер. Мәселен, мені айналамдағы ниеті бөтен азаматтар сыртымнан "нацист" дейтінін естимін. Оның да себебі бар, өзгесін айтпағанда, мен тіпті "Шымкент" деген сөзді "Чимкент" деген адаммен дауласа кетемін.

Ал енді саны бірнеше млн болса да, өз мемлекеті жоқ ұлттардың (қытай тілді мұсылмандардың дүние жүзіндегі жалпы саны 10 млн-ға жуықтап қалады) жағдайын ойлай беріңіздер. Олар сондай ұйымшыл болмаса тұрған мемлекеттеріндегі мемлекет құраушы этностарға сіңіп, жоқ болып кетер еді.

Әр ұлттың өзге ұлт өкілі қабылдауы қиын ерекшелігі, салт-дәстүрі бар.

Салт-дәстүрді қоя тұрайық. Әр халықтың жеген тағамына қарай айналасына сезілетін өзіндік иісі болады.

Қай бір жылы қарама қарсы пәтерде 3 индус тұрды. Балконымыздың арасы 1,5 метр. Терезелерін ашса, күлімсі иісі бұрқ ете қалатын. Олар подъезден түсіп-шыққанда иістері подъезде біраз уақыт қалып қоятын.
"Политкорректность" дегеннен алыстау біздің бәйбішенің тіл білмейтіні абырой болды. Әйтпесе, "Моншаға бармай подъезге кірмеңдер" деген талап қоюы мүмкін еді.

Ал ол индустарды мен аяйтынмын. Ауылдан мен кетсем де, ауыл менен кетпеген. Етті сүрлетіп жегенді ұнатамын. Біздің үй ет асқан күні сүрдің иісі, бауырсақ пісірген күні бауырсақтың иісі подъезде бұрқырайды..
Бұл иіс ауылда өскен қазақ баласы үшін ғана жұпар (Қалада туып өскен немерелерім онша ұната қоймайды). Өзге қазақстандықтар оны түсінеді. Бірақ әлгі индустар үшін ол қоңырсыған иіс болса керек.
Әйтеуір, әлгі индустармен "шәй" деспедік..
Пешенесіне етті балконына кептіріп "иістендіріп" жейтін көрші бұйырған олар да шыдады))

Айтайын дегенім, мемлекеттік саясатты терең ойластырсақ кез келген келімсек ұлт автохтонды ұлтқа сіңіп кетпесе де, ыңғайына бейімделер еді..
Тек мынау жең ұшынан жалғасу деген пәле кедергі...
Жергілікті жерлердің өзінде мемлекеттік саясатты жүргізетін орындардың көпшілігінде сауаты төмен, өмірлік тәжірибесі аз, кейде тіпті шаш ал десе бас алатындар көбейіп бара жатыр..
Олардың түсінігінде жұмыс істеу - бөлінген қаражатты игеру ғана. Олардың патриотизмінің өлшемі - артық сұрақ қоймайтын азаматтарды жиып "форум", "флешмоб", "семинар-тренинг", "челлендж" деген секілділерді өткізу. Сосын, фотосын желіге жүктесе болғаны.
Былай қарасаң бәрі дұрыс. Жұмыс бар, ақша игерілді. Ал нәтижені олардан ешкім талап етпейді. Тұрғындардың көңіл-күйін зерттеумен кім айналысуы керек?
Бұл басы ашық сұрақ.

Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.02.2020, 08:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30