Сен тұр - мен айтайын!

Өлім алқымыңнан алған сәтте іштей бақытсыз болғаныңды сезінуден Алла сақтасын

  • Өлім алқымыңнан алған сәтте іштей бақытсыз болғаныңды сезінуден Алла сақтасын

    Өлім алқымыңнан алған сәтте іштей бақытсыз болғаныңды сезінуден Алла сақтасын

"Қоғам не айтар екен, не ойлар екен" дейтін елде өмір сүреміз. Оны жақсы дей алмаймын.
"Мына киімді кисем адамдар не ойлайды", "былай киінсем ата-анасы тәрбие бермеген деп айтатын шығар", "қысқа кисем сөз естіп қаламын ба" дейтін ойды қоғамдағы әрбір екінші қыз ойлайды. Дәл сол сияқты "орамал тақсам, мені содыр деп қабылдайды, айыптайды" деп бас қатыратын арулар да аз емес.
"Мынандай шаш үлгісі дұрыс емес", "мынандай шаштың түсі қате" деп үкім шығара салатындар жетерлік.
Стандартты киіну адамдықтың, ал сенің ойың мен көзқарасыңа сай емес киіну, сондай шаш үлгісін қою азғындықтың көрінісі саналатын қоғамда еркіндік бола ма? Менің ойымша жоқ. Ең жаман қоғам адамдар не ойлар екен деген оймен күн кешетін қоғам. Өйткені сен жан рахатың үшін емес, өзгенің ойы үшін күн кешесің. Солар жақсы ойласын деп киім үлгісін, шаш үлгісін таңдайсың. Тіпті өзіңе ұнамаса да. Біздің қоғам сондай қоғам. Жасыратыны жоқ.

Тіпті желінiң өзінде адамдардың көзқарасына қарап пост жазатындар жетерлік. Жетерлік деппін-ау, 80-90% сондай шығар. "Билік жайлы жақсы жазсам нұрбот", "билікті жамандасам оппозиция болып қалам ба" деп сескене пост жазатындар бар. Екеуінің де артық және кемшіл тұстарын жаза беретіндер аз. Өйткені қоғамдық қысымнан, ойдан қорқады. Сөйте тұра бұл қоғам демократияны аңсайды.
Менің қысқаша ұстанымым мынау: Не ұнайды - соны істе. Не кигің келеді, соны ки. Не ішкің келеді, соны іш. Қандай шаш үлгісін қойғың келеді, сондай шашпен жүр. Не жазғың келеді, соны жаз. Өзгенің ойымен өмір сүру, өмір емес. Ең бастысы істеген ісің заңға қайшы келмесе, өзгенің заңдық құқығын таптамаса,ұлтың мен мемлекетіңе зиянын тигізбесе болды. Мектепке барарда заңға бағынып, бірдей форма ұстан, басқа уақытта қалағаныңды ки. Бір партияның бағдарламасы, бір қозғалыстың ұстанымы ұнай ма, онда соған кір, қоғамның ойына, сөзіне қолды бір сілте. Жұмысыңда өз қызметіңді жақсы атқар, ал жұмыстан тыс уақытта қаласаң көңіл көтер, ән айт, қыдыр, түнгі клубқа барғың келсе бар. Ертең қоғам "анау түнгі клубта жүр екен" деп талқылайды деп қорықпа, бастысы жұмыс уақытында жүрмесең болды. Адал бол, жемқорлыққа барма, қиянат жасама және өз ойыңмен күн кеш. Адамдардың көбісі осыны істемейтіні жаман. Ондай адамдар еркін емес, тек "еркіндік аңсаушы" болып қалады.
Бұрын мен ата-анам, достарым, туыстарым, ұстаздарым, таныстарым не айтар екен, не ойлар екен деп уайымдайтынмын. Қазір түсіндім, олардың өз көзқарасы, менің өз көзқарасым бар. Ал өмір бір рет қана беріледі. Ертең 80 жасыңда өлім алқымыңнан алған сәтте, бар ғұмырыңды қоғамның ойы үшін өткізіп, іштей бақытсыз болғаныңды сезінуден Алла сақтасын. Жалғанды өз ойыңмен жалпағынан бас.


Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.07.2020, 12:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30