Өлім оған - Бостандық
Төңкерісті, не өте бай адамдар жасайды, не сіңірі шыққан кедейлер жасайды.
 
Бай - өзінің ақшасы мен дәулетіне сеніп, батылдық сезіміне буланады.
 
 Сіңір - жоғалтатын заты қалмағанда, өмірден түңілгенде жанкештілік сезіміне батады.
 
Мемлекеттің мақсаты және парызы - адамға кішкене бір жекеменшік беріп қою, аз да болса: "Мынау менікі!", "Бүлікші болсам, осыны тартып алады менен!" деген сезімді елдің жүрегіне ұялату. Жақсы жұмыс, оқу орын, баласының мектебі деген факттер - мемлекет үшін ықпал құралы.
 
Ал адамда не отбасы, не жекеменшігі болмаса, ол адам - еркін адам және жүргенге көнбейтін адам. Ондай адам мемлекетке қауіпті, себебі ол өлімнен қорықпайды.
Өлім оған - Бостандық.
 
 
 
Samat Nordman Nurtaza
Фейсбуктегі парақшасынан