Өмір сондай. Өңі жылтыр болғанмен өзегіңді солқылдатады...

Өмір сондай. Өңі жылтыр болғанмен өзегіңді солқылдатады...

Өмір болғасын, біреу саған налиды, кейде біреуге сен ренжисің...

“Әдейі істеді ғой, басынып тұр-ау, бәріне басы жеткенде соны білмей қалды дейсің бе” деп кейіп, кіжініп жүргеніңді байқамай қаласың.
Аздан соң өзіңді сілкіп, “қой, олай емес шығар, байқамай қалған болар, ондайы жоқ еді ғой” деп ақтауға тырысасың. Әрине, оңай емес. Өзіңді жеңу, өзіңді іштей өзгеге жығып беру қандай қиын. “Мен не ойлап кеттім, ол соншалықты жаман, мен соншалықты жақсы ма едім” деп, құдайшылыққа қарай ойыңды бұру - өзіңді, яғни нәпсіңді, ішкі эгоңды жеңудің басы. Қаралау ниетіңнен қайтқасын, ойыңа оның жақсы қырлары түсе бастайды. Туысың екені, досың, жанашыр, жақының екені ойға оралады. Тіпті, дұшпан тұтып тұрған жан балаларыңның әкесі, анасы болуы да мүмкін...

Өмір сондай. Өңі жылтыр болғанмен өзегіңді солқылдатады. Сынаққа толы, сыры беймәлім, сусыған ғұмыр-ай...

Жақының жаналғышың сияқты көрініп, алаяқ біреу аяулы қамқоршың секілді сезілетін сәттер көп болады...
Өзгеге байлана бермей, онымен ортадағы кикілжіңнен ойыңды арашалап, өзің жайлы, өзіңнің атқаруың керек ақың жайлы кейде ойлап кетесің...
Алланың алдындағы пендешілігің мен Оның ұлы құдіреті есіңе түскенде, біреудің міні, кісінің айыбы деген нәрселер сен үшін ең маңызды мәселе емес екенін жүрегің сезіп қалады. Тіптен, сол пенденің сені ренжіткен қараулығының арғы жағында өзіңнің толымсыз әрекетің мен Алланың ұлы әділдігі тұрғанын байқайсың...
Әрине, байқамақ түгілі, өзіңді кіналай бастайсың, егерде, дүние тіршілігінің өтпелі екендігін мойындап, ақырет әлемінің мәңгілін жүрегіңмен сезінсең...
Пенденің көбі арада туындаған мәселені ушықтырып алатын себебі - мәселені тек қана пендемен байланыстырады. “Өйткенде бүйтті ғой, бүйткенде сөйтті ғой” деп, табиғаты кемшіліктен тұратын пендеден кемелдік іздейді. Өзіңде жоқ пәктік біреуде қайдан болсын.
Даналар мен әулиелерде проблема болмады емес, болды. Бірақ, олар көбінде ортада туындаған проблеманы пендемен байламай, бірден Аллаға көтеретін. “Раббым, сенен бір сынақ келді. Бізге жәрдем бер, шайтан ортамызға кіріп жатыр. Нәпсіме үстемдік қылайын, біреуге зұлымдығым өтіп кетпесін” деп шырылдайтын. Осы ұстаным - жүрекке де жеңіл, ақылға да қолай, шешімге де орайлы. Пендеге пенде боп тәжікелеспей, проблеманың сыртынан қарап, Алладан келген сабыр мен даналыққа сүйеніп шешім қабылдау - қай кезде де өкіндірмес нәтижеге қол жеткізеді.
Қаншама адамдардың арасы болмайтын нәрседен ажырап, зәредей нәрседен зардап шегуде.
Алла біздерді пендешіліктен биік, реніштен ада, ыза мен кектен алыс, Раббысын ойлап жүрегі тынышталатын, өз күнәсін ойлап мазасы кететін, тәуба қылумен тазаратын ізгі құлдарынан қылғай!

Мұхамеджан Тазабек
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста