Сен тұр - мен айтайын!

Өмірде жүрек қана түсіне алатын, ешкім, ештеңе баса алмайтын сезім бар...

  • Өмірде жүрек қана түсіне алатын, ешкім, ештеңе баса алмайтын сезім бар...

    Өмірде жүрек қана түсіне алатын, ешкім, ештеңе баса алмайтын сезім бар...

Жүрек...


Олар он үш жыл бірге тұрды. Бір-бірін сүйді, бірақ бала сүймеді. Ажырасты. Ертеңіне ері үйге кеп шифоньердің ішін қипақтап, ұзақ қарады. "Затым қап қойыпты..." деді, өксік үнмен. Əйел түйсігімен оның ештеңе іздеп жатпағанын, сезімдерді ұзақ сақтағысы келгенін түсінді...

Екеуі құшақтасып, қимай тағы қоштасты. Есіктен шыға бере "жылы киініп жүр, күздің салқыны жаман..." деді қамқор үнмен.

Ол келесі жылы үйленді. Келіншек егделеу кісіге тұрмысқа шықты. Екеуі де балалы болды. Бақыттымыз деп ойлады...

Арада жылдар өтті. Алматының мұңлы жымиып тұратын көшелерінде кездейсоқ жолығып қалды... Екеуі де рөлде. Адамдардың бір-бірін басып кетуге рұқсат етілген көшеде, шыдамсыз жүргізушілер бұрылып қарауға да мұрсат бермеді... "Көзіңе қара, байқа, фарыңды жақсаңшы" деп үлгерді қамқор үн. Келіншек сөйлегісі келіп еді, даусы шықпай қалды. Егіліп ұзақ жылады...

Өмірде жүрек қана түсіне алатын, жүрек қана ұға алатын, жүрек қана іздейтін, ешкім, ештеңе баса алмайтын сезім бар...


Алия Кудайбергенова

Фейсбуктегі парақшасынан


 


 




Көрілген: 1067    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.10.2019, 12:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30