Сен тұр - мен айтайын!

Өмірде ұсақ нәрсе болмайды...

  • Өмірде ұсақ нәрсе болмайды...

    Өмірде ұсақ нәрсе болмайды...

Баяғыда бір тышқан адамның іні маңына қақпан құрғанын көріп қойыпты. Содан зәресі ұшып көргенін тауық, ешкі, өгізге айтады. Олар "Титімдей қақпанға бола ел дүрліктіріп не болды. Қорықсаң өзің ғана қорық, ұяттағы", - деп әбден күледі. Тышқан ініне жоламай бір қуысқа тығылып бақылап отырады.
Әлгі қақпанға тышқан аңдып інге кірмекке жорғалап келе жатқан жылан түсіп қалады. Белден сарт еткен бәлекетке қатты ашуланып, ширыққан ол сиыр саууға келе жатқан әйелді балтырдан шағып алады. Бебеу қаққан әйеліне шипа іздеген қожайын сорпаламақ болып тауықты сояды. Хәл сұраған ағайын көбейген соң ешкінің де басы кетеді. Ақыры ем қонбай әйел көз жұмып, өгіз қонақасыға сойылады.
Ешкім елемеген тышқан ғана аман қалған екен. Өмірде ұсақ нәрсе болмайды. Вирустан қорқып, жүрек-қантамыр дертіне шалдыққандарды ұмытты. Барлық аурухана тек вируспен күресіп жатыр.

 

Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 770    Пікірлер: 0

жұма, 17.07.2020, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30