Сен тұр - мен айтайын!

Өмірдің әр күні - сынақ, өмірдің әр күні - мүмкіндік, әр күні - кішігірім соғыс

  • Өмірдің әр күні - сынақ, өмірдің әр күні - мүмкіндік, әр күні - кішігірім соғыс

    Өмірдің әр күні - сынақ, өмірдің әр күні - мүмкіндік, әр күні - кішігірім соғыс

- Қандай да бір созылмалы дертіңіз бар ма? - деп сұрайды дәрігер Фаина Раневскаядан,
бланк толтырып отырып.
- Бар.
- Қандай?
- Үнемі ақша жетіспеушілігі мен жатып алып жарқын болашақты аңсау, - депті ұлы актриса.
Сол айтпақшы, қарапайым адамдардың көбінде бар "диагноз" ғой) Дегенмен бақытқа талпынған жандарға бұл "что нельзя" екенін көрсететін жадынама екен)
Расында, жарқын болашақ өзінен өзі келе салмайды. Сондықтан оны пойыз күткендей күтіііп жата беру ақымақтық. Ол үшін кәдімгідей күресу, тым құрығанда талпыну керек.
ІІ ДЖС-да қасық қаны қалғанша шайқасқан бабаларымыз секілді. Елімізден ол соғысқа 1.2 млн ер-азамат аттанып, тең жартысына жуығы оралмаған. Қасірет пе? Әрине. Қасірет болғанда қандай?! Әрбір үйдің арқа сүйер азаматы, тіпті қабырғасы қатып, буыны бекіп те үлгірмеген өрімдей жас ұлдары өмір үшін күресуге, өмірінде көрмеген жерге, өмірінде көрмеген, білмейтін жаумен шайқасуға аттанды. Тірі келе ме, келмей ме, оның екіталай екенін біле тұра...
Әрине, ондай соғысты ешкімге, тіпті жауымызға да тілемес едім. Бірақ айтқым келгені әркім қолдан келгенше жарқын болашақ үшін тырмысу керек. Өз қарны, өз құлқыны үшін емес.
Өйткені өмірдің әр күні - сынақ, өмірдің әр күні - мүмкіндік, әр күні - кішігірім соғыс. Өзгемен емес, әуелі өзіңмен, өз нәпсің, өз ойың, өз комплексіңмен. Және әр күні - жеңіс. Өкінішке қарай, көбіне , көбімізде ол нәпсінің пайдасына. Тек сирек жандарда ғана ол таза жеңіс.
Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын! Тарихи дата өз алдына, өмірлеріңіз жеңіске толы болсын!




Көрілген: 1432    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 08:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30