Өмірім өкінішпен өтпесін десеңіз сүйікті ісіңізді іздеңіз, табыңыз

Өмірім өкінішпен өтпесін десеңіз сүйікті ісіңізді іздеңіз, табыңыз

ӨЗ ІСІҢДІ ҚАЛАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? # 4-Бөлім

Сонымен қай істі істегенде өзіңде бір жайлы, рахат сезім болады және ол сенің қажеттіліктеріңді өтей алады. Сонымен қоса өзіңе де, басқа біреуге де, жалпы қоғамға да пайдасын тигізеді? Осы талаптар орташа деңгейден жоғарырақ орындалғанда, сіз өз ісімді таптым, яғни қоғамда өз орнымды таба алдым деп айтсаңыз болады.

Адам баласының бір іске деген махаббаты болуы үшін келесі 2 шарт міндетті түрде орындалуы тиіс:

1. Ол істі істегенде ол өзін мәжбүрлемей, оңай, ықыласпен және аз қуат, күш, жігер жұмсауы тиіс.

2. Ісі өзіне жақсы, көңілі толарлықтай табыс әкелуі тиіс .

«Енді дәл осындай талаптарға сай істі әр адам таба алады ма? Бәріне сондай істі кім дайындап отыр? Адамдардың бәрі сүйіп істейтін және жақсы табыс әкелетін іс тауып істеп кетуі мүмкін бе? Олай болғанда көшені кім сыпырады, кім ауыр, ақысы аз жұмыстарды істейді?» деген сұрақтарды қардай боратып жаудырайын деп отырған шығарсыздар.

Барлық мәселе мынада: Кім бастапқы мен айтқан тұжырымдарды қабылдап, сол істі іздеп табамын деп өзіне талап қояды, ол адамдар табады. Ал жаңағы сияқты сұрақтырды қойып отырған адамдар өзіне ұнамайтын, табысы аз жұмыс істейді. Не болмаса, табысы жақсы, бірақ өзі жек көретін жұмысты істеуге мәжбүр болады. Не болмаса өзіне ұнайтын, бірақ табысы аз жұмыста өмірін өткізеді. Бұлай болғанда олардың ешқашан өз ісіне деген махаббаты болмақ емес. Өмірі өкінішпен өтеді.
Егер өмірім өкінішпен өтпесін десеңіз сүйікті ісіңізді іздеңіз, табыңыз. Қалай табуға болатынын келсі посттарымда жазамын. Пост «ұнаса» лайық деп белгі қойып бөлісуді, яғни поделиться етуді ұмытпаңыздар.
Бәріңізгі сүйікті істеріңізді тауып алып, бақытты өмір сүруге жазсын.

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста