Жүрсін Ерман айтты дейтін бір əңгіме бар еді ғой: Бір ауылда мешіт салыныпты. Ауыл азаматтарының бірі "кеңдеу етіп салу керек еді, тар болып қалды" деп айта беріпті. Сөйтсе өзі мешітке бармайды да екен. Сонда Жүрсін ағамыз: "Сен өзі алдымен мешітке келші, саған бір орын тауып береміз", - депті. Сол айтқандай, өмірінде шаңғы теуіп көрмегендер де курорт салуды қолдап жатыр екен. "Шымбұлаққа" сыймай жүргендей. Өмірінде Көкжайлауды көзбен көрмегендер де "бес тиынын" қыстырып қалып жатқан секілді.
Жағдайды толық білмей пікір айту қиын, ал жалпы пікірімді айтсам, табиғатты қорғау жағындамын.
Фейсбуктегі парақшасынан