Сен тұр - мен айтайын!

Өмірінің бәрі алдап-арбау, жалғандыққа толып кеткенін қарашығы айтып қойды

  • Өмірінің бәрі алдап-арбау, жалғандыққа толып кеткенін қарашығы айтып қойды

    Өмірінің бәрі алдап-арбау, жалғандыққа толып кеткенін қарашығы айтып қойды

  • Кеше күннің суығында бүрсеңдеп, тоңып тұрған ана көрдім. Аурухана маңында. Қолымнан келген "жылуды" беруге тырыстым. Ыстық шай бердім, көлігімді ең жоғарғы ыстыққа қойып &ldquoжылыныңыз&rdquo дедім. Қалтыраған күйі отыра берді. Самай шашы қудай боп ағарып кетіпті. Жүзін әжім басқан. Жанарында мазмұн қалмаған. Бірақ, кәдімгі ақ жаулықты ана. Жарты сағаттай отырды. Денесі де, қолы да, суық жанары да жылымады... "Балалар өзімен өзі, солай болды ғой, жаным... Мен жол күреп ақша табам. Қыста қар, жазда жапырақ" деді. Түсіндім бәрін. Тәптіштеп сұрап қайтем, жаным ауырып кетті...
    Жүрегі тоңған екен де!..

  • Дәмханада кездескен даяшы бала көз алдымда қап қойды. Он баланың арасында жарқырап тұр, жалғыз өзі. Адам біткеннің бәрін жақсы көріп, қошемет көрсетіп, жаны қалмай жүгіріп жүр. Еріксіз қарап қалдым. Кетерімде сөйлескім келді. Тілінің мүкістігі бар екен, дұрыс сөйлей алмайды. Бәсе, өмірді он екі мүшесі сау бізден артық сүйеді-ау! Кафе қожайыны жоқ екен, ұйымдастырушысына әуелі алғыс, сосын өтініш айттым. "Мына бала  мына мекенге береке сыйлап тұр, жұмыстан шығармаңыздар" деп.

  • Өзінен сөзі дәу бір есерсоқ көрдім. Адам деген өскен сайын кішіпейіл, өскен сайын салмақтана түспеуші ме еді?! Бойының өскенін айтып тұрғам жоқ. Ойдың қортық болғаны жаман. Адам білімімен, пайым-парасатымен, ақылымен артық қой, өзгелерден. Ал, дүние, ақша, атақ дегендер &ldquoтүбі тесік қазандай&rdquo. Бір-ақ күнде жоғала салады. Әр қадамды басқанда Құдайды ұмытпау керек!

  • Базарда бір кісі көрдім. Алдамақ болды. Жүзіне қарадым, көзіне қарадым... Мені ғана алдап тұрған жоқ, өмірінің бәрі алдап-арбау, жалғандыққа толып кеткенін қарашығы айтып қойды. Бар ұстанған қағидасы сол боп тұрған адамға қалай ақыл айтасың?! Алдана салдым...

  • Кәусарым. Қозым кішкентай. Інімнің қызы. Ауылына қайтуы керек еді. Әкесі: "үйге қайтасың ба, киімдеріңді жина" - деді. Ойланып тұрды. Апасы ауырыңқырап отырған...
    - Папа, апам ренжіп қалады ғой... қала берейін - деді.
    Шынашақтай болған мейірімді жүрегіңнен айналдым! Кейде балалар үлкендерді тәрбиелейді.

Алия Кудайбергенова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2071    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 09:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?
    17 Желтоқсан 2020
    Жігіттер, мал болмайық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31