Сен тұр - мен айтайын!

Он жылдан кейін қоғам былай болар деп топшылап қоямын...

  • Он жылдан кейін қоғам былай болар деп топшылап қоямын...

    Он жылдан кейін қоғам былай болар деп топшылап қоямын...

Қазір қазақ қоғамы келесі баспалдаққа аттап жатқандай көрінеді. Он жылдан кейін қоғам былай болар деп топшылап қоямын:

- Тойға шашылу деген сәннен қалып, қаржы сауаттылығы артатын экономикалық қоғам келер.

- Қоғамда семья шынымен шағын мемлекетке айналып, ондағы әр мүшенің таңдауы артар. Баланың киім таңдауынан бастап, күнін қалай өткізуіне дейін ата-анасымен ақылдаса отырып шешер.

- Hard liners (өзінің айтқанын дұрыс деп басқаның пікіріне құлақ аспайтын аға буын) сияқты мойындамайтындарды іздеп таппаспыз. Ninety One сияқты new generation шықса, оны табаламай, ұнаса тыңдап, ұнамаса тыңдамай қоя салатын жұрт көп болар.

- Елдің рухани байлығы ақындардың өлеңімен емес ғалымдардың, құқық қорғаушылардың ісімен өлшенетін социум құрылар.

- "Әйел бала бағып, үйде отырсын" я "тамақ істесін" деген ерлер арасындағы стереотип жойылар.

- Алдыңғы буын келе жатқан буынға жол сілтеп, кейін жетістігіне шын қуанып, уақыты келгенде орнын босататын қоғам қалыптасар.

- Адамның жеке өміріне қол сұғуды ар сотына салатын жастар қатары өсер. Адам өмірінің сценарийін "жұрт сөзіне" қарамай жазар. "Жұрттың сөзі маңызды емес, бұл - менің ғана өмірім, ал өзім басқаның өмірінде шаруам жоқ" деген девизпен өмір сүретіндер көбейер. Бірақ адам басына іс түскенде жұмыла кететін қоғам қалыптасар.

- Қазақ қызына өзге ұлт тиіссе ғана шулап шығатын қоғам кез келген баланың, әйелдің зорланғанына төзбес.

- Билік транзиті ешқандай турбулентке тап келмейтін жүйе қалыптасар...

Руслан Меделбек
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 794    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.12.2019, 16:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31