Сен тұр - мен айтайын!

Ондай еркектің барынан жоғы...

  • Бану Әділжанова

    Бану Әділжанова

Бір мекемеде еден жуып жүрген қыздың ұялы телефонмен әңгімесін «тыңдауға» тура келді. Бір қолында телефоны, екінші қолында еден жуатын «таяғы» бар. Өзі жылап тұр. Жап-жас, сүп-сүйкімді.
«Мені осыншалықты унижать ететіндей мен саған не істедім?! Неге ол үйге барасың?! Неге ол үйдің табалдырығын аттайсың а?! Сен олай ақталмай-ақ қой... Мен таңғы 4-те звондағанда сенің телефоныңды көтеріп, маған нагло: «Он рядом со мной. Спит он! Больше не звони!» дейді. Сонда мен саған кіммін? Неге соншалық мені қор қылып жүрсің?! Біліп ал, маған бәрінен маңызды ол – отбасым. Ішімнен шыққан қызымды жалғыз тастамаймын, әкесіз де қалдырмаймын. Мен сені бұған дейін де екі рет кешіргенмін. Тағы да кешірем. Егер келесі сәрсенбі күнге дейін қайтып келмесең, мені, қызыңды қайтып көрмейсің. Ауылға билет алып қоямын, келмесең мен кетемін».
Соңғы жағында даусы өктемірек шықты. Жасы да тыйылған сияқты. Осымен телефон тұтқасын қоятын шығар деп ойлағанмын. Жоқ, олай етпеді. Бір кезде даусын жұмсартып: «Жолыңа ақшаң бар ма өзі?» деп сұрап тұр...
Шынымды айтайын, жанына жетіп барып: «Үш рет қорлап, алдап жүрген адам, төртіншісінде де тоқтамайды. Неге сонша өзіңді төмендетесің? Ондай еркектің барынан жоғы....» деп... айтқым келді. Бірақ жанынан үнсіз өтіп кеттім. Өзі кешіріп тұр ғой...

Бану Әділжанова
Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 3483    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 05.11.2014, 09:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек 2021
    Сөйтсем, "мода" екен

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31