Сен тұр - мен айтайын!

Оның зардабы ауыр болуы да бек мүмкін...

  • Оның зардабы ауыр болуы да бек мүмкін...

    Оның зардабы ауыр болуы да бек мүмкін...

Бала кезім ғой. Ауылда газ түгілі, жылдап свет болмайтын уақыт. Алматыға ағамның үйіне қыдырып бардық. Бір кезде анам:
- Ержан, газды өшіре салшы – деді.
Бардым да, газдың тұтқасын олай бұрадым, өшпейді, бұлай бұрадым, өшпейді. Сосын, тұрдым да, бар күшіммен үпіріп қалып едім, газ өшті. Тапсырманы бұлжытпай орындағандай, «өшірдім» - деп келдім танауым таңқиып.
Бір кезде жеңгем: - Газдың иісі шыға ма? – деді де, жүгіріп кетті.
- Газ ашық қалып кетіпті – деп, терезенің бәрін ашып жатыр.
- Әй, сен газды өшірдім деген жоқ па едің? – деді анам сұрланып.
- Иә, өшірдім ғой, үпіріп – дедім мен де.
Сол күні анамнан оңбай таяқ жеп едім.
Үш-төрт жыл бойы табиғи газ түгілі баллон газ көрмеген мен қандай қауіпті тірлік істегенімді қайдан білейін?! Кінәмді сезінген де жоқпын.
Ал, қазір Қазақстан территориясының тек 40 пайызға жуығы ғана газдандырылған. Көп ауылдарға әлі көгілдір отын тартылмаған да. Оған тасымалдаушы жеке меншік компаниялардың шамасы да, құлқы да жоқ. Көп бала газдың не екенін білмейді де.
Көгілдір отын тартылған елдімекендердің газ құбырлары отыз жылдан бері жаңартылмаған. Мамандар газ құбырларының 75 пайызы ескірген деп дабыл қағып отыр. Кез келген уақытта ескі құбырлардан утечка кетуі ықтимал. Оның зардабы ауыр болуы да бек мүмкін. Құбырларды жаңартуға газ тасымалдаушы компанияның шамасы жете ме?

Ержан Тәліп

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 847    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.03.2021, 10:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31