Орамалды қыздар неге шетінен сексологқа айналып шыға келді?

12 қазан 2021, 02:09

Бір нәрсеге түсіне алмай жүрмін, көптен бері:

 

1. неге осындай жабық тақырыпта ашық әңгімелер көбейіп кетті?

 

2. неге басқа емес, онымен еще бірыңғай жабық киінген қыздар айналысып кетті?

 

3. басында "жабық топта талқылаймыз, сұғанақтар ұрлап, жариялап жібереді", деп ақталушы еді, енді рекламаға жіберетін бопты, ашықтан-ашық. Интим бизнеске айналған ба? Орамалды қыздар неге шетінен сексологқа айналып шыға келді? Әлде, басқа мекемелер есігін тарс жапқан соң осылай өз бетінше "кәсіп" бастаған түрлері ме?

 

4.басында "тегін вебинар" деп бастап, кейін ақылы марафонға ұласып, соңында солар кәп-кәдәмгі сол саладан "қорғап алған" профессордай сарапшыға айналып шыға келетіні несі?

 

6. жалпы, ішкиімнің астына үңілу кімге және қаншалықты пайда әкеліп отыр? Тем более кәсіби маман еместердің "күйеуіңді ұстап қалу үшін бүйт-сүйт" деуге қандай қақысы бар? Әйелдің етек асты жай жыныстық қанағат алатын жер емес, ол болашақ ұрпақтың алтын бесігі ғой. Ендеше, неге оған бөтен біреу "билік жасауы" керек? /түрлі жаттығу жасату, техника қолдану сияқты, әркімнің ағзасы әр түрлі емес пе?/

 

5. бұл қазақ қыз-келіншектеріне құрылған қақпан, яғни, солар арқылы бір отбасына сыналап ену үшін жасалған идеология емес пе, қалай ойлайсыздар?

 

6. әлде, "Аңқау елге - арамза молда" дегендей, оқуға, ізденуге ерінетін, оның орнына біреудің айтқанын тыңдай салуды оңай көріп тұратын қыз-келіншектердің өз кінәсінан ба?

 

7. жоқ, мен қателесіп тұрмын, осындай сабақтардың пайдасы зор ма?

 

Шын, осы сұрақтардың жауабын білгім келеді. Тақырып қызықтырса, талқылай отырайық.

 

 

 

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан