Сен тұр - мен айтайын!

Өркениетті әлем елдері ақиқатында ол кімнің жері, кімнің елі екенін жақсы біледі

  • Өркениетті әлем елдері ақиқатында ол кімнің жері, кімнің елі екенін жақсы біледі

    Өркениетті әлем елдері ақиқатында ол кімнің жері, кімнің елі екенін жақсы біледі

18-МАМЫР...ҚЫРЫМ ОРЫСТЫҢ ЖЕРІ МА?


1944 жылы, 18 мамырда Қырым татарлары үшін нағыз тозақ басталды. Ресейсүйгіштер мұндай посттарды көрмегенсіп өте шығады. Өйткені онда өздері соншалықты сүйген КСРО-ның, артынша әлі жалғасып келе жатқан Ресей билігінің кешірілмес күнәсі мен кінәсі жатқанын жақсы біледі.
1944 жылы Қырымдағы татарларды Сталин қанішер қол қойып, күштеп депортациялау басталды. Бұл нағыз геноцид болатын. Депортациялауға барлығы 238 мың адам ілікті. Берияның айтуы бойынша жолда 191 адам қаза тапты. Алайда қазіргі тарихшылар бұл санға күліп қарайды. Өйткені тек қана депортациялау барысында жолда 9 мың адам өлген болатын. Сусыз, тамақсыз, дәрі-дәрмексіз вагондарға мал тасымалдағандай тиеп, өз Отанынан жыраққа алып кетті. Қырым татарлары Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейдің өзге де облыстарына орналастырылды. Оларды Орталық Азиядағы жергілікті халық аман алып қалуға тырысты. Соған қарамастан Human Rights Watchтың мәліметінше сол жылдары қырым татарларының 46% қаза тапқан. Нағыз геноцид!

Кейіннен Қырым татарларына өз Отандарына қайтуға рұқсат етілді. Бұл тиран Сталин өлген соң орын алды. Алайда ол геноцидтің әсерін жоққа шығара алмайды. Мысалы 1785 жылы Қырымдағы халықтың 98% қырым татарлары құраса, 1989 жылы ол 1.6% пайызды құрады. Екі пайызға да жетпейді! Түсініп тұрсыз ба?
Бұл геноцид әлі жалғасып келеді. Ортағасырлық саясатты ұстанып, өркениет деген сөзді өңі тұрмақ, түсінде көрмеген көршіміз 2014 жылы Қырымды барлық халықаралық талаптарға қайшы, ХХІ ғасырдағы адами құндылықтарға сай келмейтін жабайылықпен басып алды. Путин 2014 жылы 21-сәуірде Қырым татарларын реабилитациялау туралы құжатқа қол қойды. Бұл қой терісін жамылған өтірік қаулы болатын. Қырымды аннексиялап алғаннан кейін ондағы татарларға қысым артып, соттау, өлтіру, себепсіз қудалау артып келеді. Бұл мәселе тіпті БҰҰ мен түрлі халықаралық ұйымдарда айтылып, жазылуда. Қырымды басып алған Ресей "бұл ежелден орыстың жері" дейді. Бірақ өркениетті әлем елдері ақиқатында ол кімнің жері, кімнің елі екенін жақсы біледі. Қырым - қырым татарларының жері, түркінің елі.
Әділдік орнап, күндердің күнінде қырым татарлары азат болады деп үміт артамын. 


Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 778    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 13:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30