Сен тұр - мен айтайын!

Орыс топтарында білім алған жастардың қазақша сайрап кеткенін көрмедік

  • Орыс топтарында білім алған жастардың қазақша сайрап кеткенін көрмедік

    Орыс топтарында білім алған жастардың қазақша сайрап кеткенін көрмедік

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің барлық ЖОО-да орыс топтарында қазақ тілі, қазақ топтарында орыс тілі пәнін оқыту міндетті саналды және әлі күнге дейін бұл үрдіс жалғасып келеді. Бұл салада ондаған-жүздеген тіл мамандары нәпақа тауып жүргендіктен бәрін кінәлаудан аулақпын, әрине. Талай білікті мамандар, тәжірибелі ғалымдар еңбек етіп жүр. Сол сыйлас, сырлас әріптестерден алдын ала кешірім сұрай отырып, шындықты айтуға тура келіп тұр.

Ашығын айтқанда, барлық университеттің орыс топтарында білім алған жастардың қазақша сайрап кеткенін немесе мемлекеттік тілде сөйлем құрап бір мәтін жазғанын көрмедік. Тест сұрақтары бойынша өтірік-шынды емтихан тапсырған болады. Сонымен бітті. Шалақазағы да, өзге ұлт диаспорасы өкілдері де аман-сәлемнен арыға бара алмаған күйі дипломын алып кетеді. Кейін олар бизнес саласына барса да, мемлекеттік қызметке ауысса да, қазақ тілінің мүлде қажеті болмайды. Өйткені, іс қағаз да, ресми жиын мәслихаттар да тек орыс тілінде өтетін Астана үшін оларға қазақ тілінің қажеттілігі бола да қоймайды. Кейбір қазақ жастары үшін қазақша білмеу - сорлылық емес, керісінше, мақтаныш. Ал, қазақ топтарында оқитын студенттер үшін орыс тілі пәнінің тіпті де қажеті жоқ. Өйткені, олардың орысшалары сол пәннің оқытушыларынан асып кетпесе де, кем түспейді. ЖОО орыс тобында оқитын кейбір өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тіліне қызығатындар да бар. Олар қазақша сауатты сөйлеп жазуға тырысатындықтарын да айтып жатады. Бірақ, қазақ тілі бағдарламаларының мазмұны өмірден тым алшақ, мазмұны төмен болып келетіндігіне налиды. Сонымен қатар біріңғай практикалық сабақтардан тұратын аудиториялық машықтандыруларды пән оқытушылары дұрыс жүргізбейтін көрінеді. Олай болса, 30 жылда көзге көрінерліктей ешбір нәтиже бермеген дәл осы "Қазақ тілі" мен "Орыс тілі" пәндерін ЖОО-дағы барлық мамандықтар үшін міндетті пән ретінде тықпалаудың не қажеті бар? Филология факультеттеріндегі болашақ лингвистерге ғана оқытса, болды емес пе?


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1213    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.09.2019, 12:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31