Орысша айтайын, "Мне теперь по барабану!

02 қазан 2022, 15:34

Атауы орысша мекеменің іші де орысша. Әбден жүйкеме әсер етіп жүр соңғы кезде. Оператор келіншек қазақша сұрасам орысша жауап беріп тұр. Адам көп. "Сіз неге менің мемлекеттік тілдегі сұрағыма қазақша жауап бермейсіз?! Бүкіл ақпараттарыңыз орысша!"-деп айқай салып едім, қазақша сайрап кетті.

 

"АстанаЭнергоСбыт" маусым айында ыстық су үшін 1 айға 4288 теңге төлеттірді. Тарифтерінің неге құбылып тұратынын сұрап едім, шала қазақ әйел түсіндіре алмады.

 

Жә, оны қойшы, 4 жыл есептеуіш құрал қондырмаған өзім кінәлімін.

 

Қысқасы ыстық-суық суға "счетчик" орнаттым. Енді ақымақ ете алмас.

 

Бейшараның күйін кешкен Мемлекеттік тілге оралайық, "Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!"-деп Абай атамыз бекер ашуланбапты ғой. Жан-жағыма қарасам кезекте тұрған қаракөздердің 99 пайызы шүлдір-шүлдір етеді. Кемпірі бар, шалы бар, жасыменен кірісі бар.

 

Қой, осымен тоқтайын.

 

Бүгіннен бастап сабырлы болам. "Полный игнор❗". Шын айтамын, маған денсаулығымды сақтауым керек, өзім үшін болмаса да балаларым үшін. Орысша айтайын, "Мне теперь по барабану!"

 

 

Кенжегүл Тергембай

Фейсбуктегі парақшасынан