Сен тұр - мен айтайын!

Орысша шүлдірлейтіндер қазақ мемлекетін мойындамайтындар...

  • Орысша шүлдірлейтіндер қазақ мемлекетін мойындамайтындар...

    Орысша шүлдірлейтіндер қазақ мемлекетін мойындамайтындар...

ҚАЗАҚ БИЛІГІ, ОЯН! ... Ұйқың қанған шығар ендігі?


Кеше Қостанайға келдім. Сәкен (Сейфуллин) атам суреттеген "қара айғырмен". Затаевич айтқан сөздің өңін айналдырсам "Маған бүкіл поезд орысша ән салып тұрғандай көрінді". Асыға күткен " Тұмар" ханым киносы тәуелсіз қазаққа орысша көрсетіліп жатқанда Астанадан шығып едім қашқандай болып, енді поездағы тірлік мынау. Бәрі де, кәрі мен жасы да, бала мен шаға да Қазақияның ауасын жұтқанымен, Ресейдің тілін де сайрап жүр. ӘЛДЕ мен сондай ортаға тап БОЛДЫМ ба? "Қайда қашсаң да Қорқыттың көрі" деген осы болды. Жаныма қатты батқаны, менің қасымдағы қара көз әйелдің 5-6 жасар баласының орысша жылап, орысша күлгені. Тәуелсіздіктің "жемісі" болған бүлдіршін өз ана тілін сызбайды тіпті. Ең сорақысы, қазақтардың бірі мен бірі орысша шүлдірлеуі. Мен байғұс аралдағы Рабинзон Крузо СЕКІЛДІ оқшаулана бердім. Өйткені орысша сөйлемеуге, өзгелерге ата - бабам тілінде жауап беруге көптен бері бекініп жүр едім. Тілімді тістеп, екі құлағымды бітеп алдым. Өйткені қазақтардың орысша сөйлегені мен үшін -азап! Кәдімгідей әлсіреп қаламын. Құлағыма да түрпідей тиеді. Қазақ билігінің ұлттық идеологияны осынша бетімен жібергені түбінде жақсылыққа апарып соқтырмайды. Оян , қазақ билігі! ЕНДІ оянбасаң - бәрі кеш! Болашағыңның өзі Ресейге қарап мөңіреп тұр! Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жеріміз осы болса жетіскен екенбіз! Меніңше, билікте болсын, ХАЛЫҚ арасында болсын, орысша шүлдірлейтіндер қазақ мемлекетін мойындамайтындар... Қайтіп ел боламыз, ә?

Маған Қостанай Ресейдің бір автономиясы тәрізді көрінді... Себебі "күштінің құйрығы әлі диірмен тартып тұр"...


Нагашыбай Кабылбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1500    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.09.2019, 11:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31